Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -5 градусқа дейін, түнде -11 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы -15 градусқа дейін жетсе, түнде -32 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,7 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 11 градусқа дейін жетіп, түнде -4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,3 м/с деңгейінде болмақ.







