«Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, микро және шағын бизнес үшін «Іскер аймақ» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында қолдау көрсетілетін экономиканың басымсекторларына қоса, әкімдік өз тарапынан өңір үшін негізгі салалардың тізбесін әзірлеп, Ұлттық экономика министрлігіне ұсынды.
Аймағымызда өңірлік бағдарламаның жүзеге асырылуы жолға қойылған. Әсіресе ауылдықжерлердегі микро және шағын бизнесті қолдау бағытында «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы тиімді жұмыс жасауда.
Соңғы он жылдан астам уақытта бұл орталық бизнестің 2 900-ға жуық жобасын 16 млрд 481 млн теңгеге қаржыландырды, 3 мыңнан аса жұмыс орны құрылды.
Орталыққа бюджет қаржысымен қатар, «Даму» қоры «Аграрлық несиелік корпорациясы» арқылы 6 млрд 300 млн теңге қаржы тартылды. Осы оң тәжірибені одан әрі жалғастырып, бағдарламаны «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жүзегеасыруды жалғастырамыз», – деді Н.Нәлібаев.
Айта кетейік, аймақта кәсіпкерліктің даму қарқыны жоғары. Қазіргі таңда оның экономикадағы үлесі 20,5 пайыз, кәсіпкерліктің тұрақты дамуына мемлекеттік қолдаудың жүйелішаралары оң ықпал етті. Былтыр жеке кәсіпкерліктің 2 929 жобасына 61 млрд 100 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді. Оның ішінде жалпы несие портфелі 16 млрд 100 млн теңге болатын 210 жобаға субсидия беріліп, 214 жобаға кепілдік ұсынылды. Сонымен қатар, қаржы институттары арқылы өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған «Өрлеу» бағдарламасы аясында 51 жоба 10 млрд 428 млн теңгеге қаржыландырылды.
Аталған қолдау шаралары өңірдің инвестициялық әлеуетін арттырып, жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді.
Биыл жеке кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға бюджеттен 13 млрд 300 млн теңге қарастырылды. Оның ішінде банк несиелерін субсидиялау мен кепілдендіруге жергілікті бюджеттен 2 млрд 300 млн теңге бөлінді.







