«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының мүшелері Сырдария аудандық №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде білім саласы өкілдерімен кездесті.
Кездесуге аумақтық мүшелері Сансызбай Сәдуақасов, Шаһарбек Нұрсейіт, Әділбек Бәйменов, Жанна Сәркеева, Ақтөре Ибрагимұлы, Жансая Ақылбекова, Айдана Бақытжанқызы, Нұржан Сейтжан қатысты.
Кездесу барысында Конституция жобасында білім беру жүйесін дамытуға бағытталған бастамалар, педагог мәртебесін нығайту және білім сапасын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
– Құрметті кездесуге қатысушылар, біз коалиция мүшелерімен бірге күн сайын бірнеше кездесу өткізіп жатырмыз. Халықтың жалпы қолдауы жақсы, түсініп, түйсініп, орнықты ойларын ортаға салуда. Сондықтан 15 наруызда халық нақты таңдауын жасайды, болашағымыз үшін дауыс береді деп сенеміз, – деді коалция мүшесі Ақтөре Ибрагимұлы.
– «Ұстаз – жай ғана маман емес, ол – ұлттың болашағын тәрбиелеп отырған тұлға. Сондықтан педагогтың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Жаңа Конституция жобасында мұғалімдердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуына ерекше мән беріліп отыр. Бұл – олардың кәсіби қызметіне орынсыз араласуға жол бермеу, еңбегін әділ бағалау және қоғамдағы беделін арттыру деген сөз. Біз педагогтің мәртебесін тек сөз жүзінде емес, нақты нормалар арқылы күшейтуді көздеп отырмыз. Сонда ғана білім сапасы артып, өскелең ұрпақтың болашағы нық болады», – деді коалиция мүшесі Әділбек Бәйменов.
Сала өкілдері сұрақтарын қойып, түсінікті әрі нақты жауаптар алды. Кездесу соңында олар референдумға белсене қатысып, ел тағдырына бейжай қарамайтындарын білдірді.







