Суббота, 28 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

ШИЕЛІ АУМАҒЫНАН ӨТЕТІН СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Сырдария өзені қатаң бақылауға алынған деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
26.03.2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ШИЕЛІ АУМАҒЫНАН ӨТЕТІН СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
0
SHARES
0
VIEWS
Share on Facebook

Шиелі ауданында Сырдария өзені арқылы келетін суды қауіпсіз өткізу мәселелері кеңінен талқыланды. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен арнайы жиынға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков төрағалық етті.

Кеңеске аудандық мәслихат төрағасы, әкім орынбасарлары, Amanat партиясының аудандық филиалының өкілдері, дербес бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Ауыл әкімдері жиынға ZOOM платформасы арқылы онлайн қосылды.

Ұқсас посттар

ШИЕЛІДЕ КАНАЛДАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШИЕЛІДЕ КАНАЛДАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

26.03.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МИХАИЛ МИШУСТИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МИХАИЛ МИШУСТИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

26.03.2026

Басқосу барысында су тасқыны қаупінің алдын алу, қорғаныс бөгеттерінің қазіргі жай-күйі және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы нақты шаралар қаралды. Аудан аумағын оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай кесіп өтетін Сырдария өзенінің ұзындығы 260 шақырымды құрайды. Ал қорғаныс бөгеттерінің жалпы ұзындығы 71,6 шақырым, оның 63,3 шақырымы оң жағалауда, 8,3 шақырымы сол жағалауда орналасқан.

Мамандардың мәліметінше, өзен бойында орналасқан 5 елді мекен су басу қаупі бар аймаққа кіреді. Бұл аумақтарда 7 462 тұрғын мен 1 370 тұрғын үй бар.

Жиында «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының «Шиелісушар» өндірістік бөлімше басшысы Дихан Әубәкіров өзендегі су деңгейінің қазіргі жағдайы, гидротехникалық нысандардың жұмысы және су өткізу мүмкіндіктері туралы баяндады. Сонымен қатар аудандық төтенше жағдайлар бөлімі өкілдері төтенше жағдайлардың алдын алу және күш-құралдардың дайындығы жөнінде ақпарат берді.

Кеңес қорытындысында аудан әкімі жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеп, қорғаныс бөгеттерін нығайту, қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру және қажетті техника мен материалдық қорды толық дайындықта ұстау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.

Previous Post

ҚЫЗЫЛОРДАДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Next Post

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Next Post
ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

4 месяца ago
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ  ЕЛІМІЗДІҢ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРМЕН МАРАПАТТАДЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЕЛІМІЗДІҢ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРМЕН МАРАПАТТАДЫ

3 недели ago
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫРАУ А.АЛМАТОВТЫҢ 70 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫРАУ А.АЛМАТОВТЫҢ 70 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

3 недели ago
ШИЕЛІ АУМАҒЫНАН ӨТЕТІН СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

ШИЕЛІ АУМАҒЫНАН ӨТЕТІН СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

2 дня ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ШИЕЛІДЕ КАНАЛДАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МИХАИЛ МИШУСТИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ
  • СЫРДАРИЯДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ШИЕЛІДЕ КАНАЛДАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШИЕЛІДЕ КАНАЛДАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

26.03.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МИХАИЛ МИШУСТИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МИХАИЛ МИШУСТИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

26.03.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews