Суббота, 28 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» атты ауқымды экологиялық шара өтті деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
25.03.2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ҚЫЗЫЛОРДАДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on Facebook

Қызылорда қаласында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен экобелсенділердің қатысуымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» атты ауқымды экологиялық шара өтті. Акцияға 16 000-нан астам адам жұмылдырылып, 425 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналды. Сонымен қатар, 140-тан астам арнайы техника тартылып, жұмыстардың сапалы әрі жедел орындалуына барлық мүмкіндік жасалды.

Іс-шара барысында өңірдің барлық ауданында табиғи су көздері тазартылып, маңы абаттандырылды. Атап айтқанда, Сырдария өзенінің жағалауы, Арал ауданындағы «Ақеспе» бұлағы және Жаңақорған ауданындағы «Қайнарбұлақ» табиғи көздері тазалыққа шақырылды. Бұл бастамалар су ресурстары тапшылығы байқалатын аймақтар үшін ерекше мәнге ие болып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тұрғындардың табиғатты қорғаудағы жауапкершілігін арттыруға сүбелі үлес қосады.

Ұқсас посттар

ШИЕЛІДЕ КАНАЛДАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШИЕЛІДЕ КАНАЛДАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

26.03.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МИХАИЛ МИШУСТИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МИХАИЛ МИШУСТИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

26.03.2026

Аймақта «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарынан бөлек, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүйелі түрде жүргізілуде. Бюджет қаражаты мен демеушілік есебінен демалыс орындары, балалар ойын және спорт алаңдары, қоғамдық кеңістіктер кезең-кезеңімен жаңартылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар заманауи стандарттарға сай жөндеуден өткізілуде. Соңғы жылдары Қызылорда қаласындағы орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс паркі және Қорқыт ата сквері қайта жаңартылып, қала тұрғындарына қолжетімді болды. Жуырда ашылған Президент саябағы да қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналды.

Ауылдық жерлерде қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру және тұрғындарды тазалық мәдениетіне баулу мақсатында жыл сайын «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізіліп келеді. Соңғы үш жылда осы жобаға 2 млрд 64 млн теңге бөлініп, үздік деп танылған елді мекендерге 67 арнайы техника табысталды.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді басқару, сұрыптау, өңдеу және қайта қолдану бағытында «Жасыл даму» АҚ қаржыландыруымен 9 жоба іске асырылуда. Жаңақорған ауданында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешені толықтай қаржыландырылып, қажетті құрал-жабдықтар жеткізілген. Қазір нысанды іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал қалған 8 жобаны «Өнеркәсіпті дамыту қоры» сараптамадан өткізіп, қаржыландыруға дайындық жүргізіп отыр.

Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 475 млн теңгеге Сырдария ауданында сұрыптау кешені бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны салынған және іске қосылған. Мұндай игі бастамалар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың тазалық мәдениетін арттыруға және табиғатты қорғаудағы жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.

Жалпы, «Мөлдір бұлақ» акциясы – тек қоқыс жинау мен тал егу жұмыстары емес, бұл тұрғындар мен билік арасындағы экологиялық серіктестіктің, табиғатты аялау мен қоршаған ортаны сақтау мәдениетінің көрінісі болып отыр. Акцияның кең ауқымды өтуі экологияға деген қоғамның қызығушылығы мен жауапкершілігін арттыруға нақты үлес қосқанын айқындайды.

Previous Post

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Next Post

ШИЕЛІ АУМАҒЫНАН ӨТЕТІН СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Next Post
ШИЕЛІ АУМАҒЫНАН ӨТЕТІН СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

ШИЕЛІ АУМАҒЫНАН ӨТЕТІН СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ  ЖҮРГІЗІЛУДЕ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

4 недели ago
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

4 недели ago
ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

4 недели ago
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «СЫЙЫНАР ЕМ, АНА ДЕГЕН ТӘҢІРГЕ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БАСҚОСУҒА ҚАТЫСТЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «СЫЙЫНАР ЕМ, АНА ДЕГЕН ТӘҢІРГЕ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БАСҚОСУҒА ҚАТЫСТЫ

3 недели ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ШИЕЛІДЕ КАНАЛДАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МИХАИЛ МИШУСТИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ
  • СЫРДАРИЯДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ШИЕЛІДЕ КАНАЛДАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШИЕЛІДЕ КАНАЛДАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

26.03.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МИХАИЛ МИШУСТИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МИХАИЛ МИШУСТИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

26.03.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews