Среда, 27 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Қоғам

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Достық үйінде» ардагерлер және зиялы қауым өкілдерімен кездесті деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
01.03.2026
in Қоғам
0
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on Facebook

Ұқсас посттар

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

20.05.2026

Кездесуге Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, Түркі мемлекеттері ұйымы ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Қызылорда облысының құрметті азаматы Икрам Адырбеков қатысты.
Аймақ басшысы халқымыз ұлт жылнамасындағы жаңа кезеңге қадам басқанын айтып, Конституциялық реформаға тоқталды.
«Президентіміздің Жарлығымен 21 қаңтарда Ата Заңымызға өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстарды тұжырымдайтын Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия құрылды. Комиссияның қорытынды шешімінің нәтижесімен Мемлекет басшымыз 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу жөнінде Жарлыққа қол қойды.
Конституция жобасында Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы сақталып, мемлекеттің унитарлы сипаты мен шекарасына, аумақтық тұтастығына қол сұғуға болмайтыны нақтыланған.Елдігіміздің басты нышаны саналатын жаңа құжатта «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты айқындалған.
Президентіміздің бастамасымен қолға алынған саяси науқандар мен реформаларды жүзеге асыруда Сыр жұртшылығы береке-бірліктің, тату тірліктің үлгісін көрсетіп келеді.
Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр бойында өткен Ұлттық құрылтайда: «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр», – деп ерекше атап өтіп, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Алдағы уақытқа да Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, сәулеттік келбетін жаңартуға, заманауи ғимараттардың бой көтеруіне бағытталған жаңа жобалар жоспарланған. Бұл бастамалар ардагерлеріміздің ақыл-кеңесімен, тұрғындарымыздың сұранысына сәйкес іске асуда. Еліміздің тұрақты дамуы мен халықтың бірлігін сақтауда ардақты ардагерлеріміздің орны ерекше», – деді Н.Нәлібаев.
Жиында Мұхтар Алтынбаев пен Икрам Адырбеков сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.Сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткерлері Бекмырза Еламанов, Ибрагим Әбибуллаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректоры, облыстық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция жетекшісіНаурызбай Байқадамов Конституциялық реформаға қатысты пікірлерін ортаға салды.
Сондай-ақ Конституциялық реформа жөнінде жарты жылға жуық уақытқа созылған, әртүрлі алаңдарда жүргізілген жалпыхалықтық талқылаулар қоғамның саяси белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігінің айқын көрінісі екені айтылды. Ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерді халықтың тікелей дауыс беруіне ұсыну – демократияның шынайы әрі мызғымас қағидаты. Жаңа Конституция жобасында мемлекетіміздің іргелі негіздері, басты құндылықтары мен дүниетанымдық ұстанымдары жүйеленіп, заманауи талаптарға сай жаңғыртылды.
Еске салсақ, қаламызда өткен тарихи маңызды жиында Мемлекет басшысы Қызылорда қаласында 48 млрд 500 млн теңгеге перзентхана, 14 млрд 780 млн теңгеге емхана салынатынын, 36 млрд 400 млн теңгегекөпбейінді аурухананың құрылысы басталғанын жариялаған еді. Өткен аптада аталған медицинанысандарының және Титов қыстағында ауысымына 400 келушіге арналған емхананың іргетасы қаланды.

Previous Post

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ БІРҚАТАР САЛАНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

Next Post

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Next Post
ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

ӘДЕБИЕТ ПЕН СЕЗІМ ТОҒЫСҚАН КЕШ. ШИЕЛІДЕ ҚАТИРА ЖӘЛЕНОВАНЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

ӘДЕБИЕТ ПЕН СЕЗІМ ТОҒЫСҚАН КЕШ. ШИЕЛІДЕ ҚАТИРА ЖӘЛЕНОВАНЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

1 месяц ago
АУДАНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУДАНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

4 недели ago
ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

3 месяца ago
ШИЕЛІДЕ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ШИЕЛІДЕ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

2 недели ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews