Среда, 27 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Қылмыс

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шиеліде құқықтық мәдениет пен қауіпсіздік мәселесіне басымдық берілді деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
22.05.2026
in Қылмыс, Қоғам
0
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on Facebook

Шиелідегі Бұдабай Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған «Шиелі – қауіпсіз аудан, жарқын болашақтың мекені» және «Саналы ұрпақ» жобалары бойынша ведомствоаралық мәжіліс өтті. Ауқымды жиынға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов, аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев, құқық қорғау және білім саласының басшылары, дербес бөлім жетекшілері, кент және ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты.

Мәжілістің негізгі мақсаты – аудан көлеміндегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың жолын кесу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды саралау болды.

Ұқсас посттар

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

20.05.2026
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ӨЗЕГІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ӨЗЕГІ

15.05.2026

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі заң үстемдігін нығайту, қоғамда әділеттілік қағидатын қалыптастыру жөніндегі бастамалары кеңінен сөз болды. Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті күшейту мәселесіне айрықша назар аударылғаны атап өтілді. Осыған сәйкес, Шиелі ауданында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және жастар тәрбиесіне қатысты кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Мәжілісте алғашқы болып сөз алған аудан прокурорының орынбасары Ғанибек Сағатов аудан көлемінде атқарылып жатқан профилактикалық шараларға тоқталды. Ол әсіресе жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіпті күшейту және салааралық байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдарының бірлескен жұмысы нәтижесінде бірқатар оң көрсеткіштерге қол жеткізілгенін жеткізді.

Өз кезегінде аудандық білім бөлімінің басшысы Дауренбек Насибеков білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарының барысы жөнінде баяндама жасады. Ол оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу, ата-аналармен байланысты күшейту және жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, мектептерде құқықтық тәрбиеге арналған арнайы кездесулер мен түсіндіру шаралары тұрақты өткізіліп келе жатқанын айтты.

Ал аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Досым Әбуов қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, аудан көлемінде түнгі рейдтік іс-шаралар, профилактикалық тексерулер мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Әсіресе, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүру деректерін анықтау және жастар арасындағы қылмыстың алдын алу бағытындағы шаралар күшейтілген.

Жиын барысында қатысушылар тарапынан да бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды. Тұрғындар қоғамдық тәртіпті сақтау, жастар тәрбиесіне қоғам болып атсалысу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейту қажеттігін көтерді.

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының басты кепілі екенін атап өтті. Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін айтты.

Айта кетейік, «Шиелі – қауіпсіз аудан, жарқын болашақтың мекені» және «Саналы ұрпақ» жобалары аясындағы мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасып, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталмақ.

Previous Post

ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Next Post

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

Next Post
ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

СЫРДАРИЯДА ШӘКЕН КҮМІСБАЙҰЛЫНЫҢ «БАБАМДАЙ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

СЫРДАРИЯДА ШӘКЕН КҮМІСБАЙҰЛЫНЫҢ «БАБАМДАЙ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

2 недели ago
КІТАП ШАМЫ СӨНБЕГЕН ТҮН: РУХАНИЯТ ПЕН ЖАСТЫҚ ЖІГЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

КІТАП ШАМЫ СӨНБЕГЕН ТҮН: РУХАНИЯТ ПЕН ЖАСТЫҚ ЖІГЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

1 месяц ago
ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АНА — ӘЛЕМНІҢ БЕСІГІ САЛТАНАТТЫ КЕШІ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АНА — ӘЛЕМНІҢ БЕСІГІ САЛТАНАТТЫ КЕШІ ӨТТІ

3 месяца ago
ШИЕЛІ ӘКІМДІГІНДЕ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІ ӘКІМДІГІНДЕ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 месяца ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews