Воскресенье, 26 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Кенттегі су жүйесі кезең-кезеңімен жаңғыртылуда деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
21.05.2026
in Жаңалықтар
0
ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on Facebook

Шиелі кентінде тұрғындарды аяқ сумен қамтамасыз ететін маңызды инфрақұрылым нысандарының бірі – «Базар» арығын жаңғырту жұмыстары басталды. Аталған жоба аясында арық бойына темір-бетонды науалар орнатылып, су өткізу жүйесінің тиімділігін арттыру көзделуде. Бұл бастама су ысырабының алдын алып, тұрғындарды аяқ сумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі саналады.

Бүгінде Шиелі кентінде 36 мыңнан астам тұрғын өмір сүруде. Халық санының артуына байланысты коммуналдық инфрақұрылымға түсетін жүктеме де жылдан-жылға көбейіп келеді. Осындай жағдайда елді мекендегі аяқ су жүйесінің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуі ерекше маңызға ие.

Ұқсас посттар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

28.05.2026
АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

28.05.2026

Тұрғындарды аяқ сумен қамтамасыз етіп отырған негізгі су арналарының бірі – «Базар» арығы. Бұл арыққа су «Сырдария» өзенінен арнайы 22 бекет арқылы жеткізіледі. Ұзақ жылдар бойы кент тұрғындарының тұрмыстық қажеттілігіне қызмет етіп келе жатқан су жүйесі бүгінде жаңғыртуды қажет ететін маңызды нысандардың қатарына енген.

Жоба бойынша «Базар» арығының жалпы ұзындығы 8 400 метрді құрайды. Оның 2 886 метр бөлігіне 2016 жылы темір-бетонды науалар орнатылған болатын. Алайда арықтың қалған 5 514 метр бөлігі ашық күйінде қалып, су шығыны мен техникалық қиындықтар туындатқан. Осыған байланысты аталған аумаққа да лоток орнату қажеттілігі туындап, кешенді жоба әзірленді.

Айта кету керек, жоба бойынша 2023 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Бұл құрылыс жұмыстарының техникалық талаптарға толық сәйкес келетінін және жобаның тиімділігін дәлелдейді.

Мамандардың айтуынша, темір-бетонды науалардың орнатылуы су өткізу жүйесінің сапасын едәуір жақсартады. Атап айтқанда, су ысырабы азайып, су ағысының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, арықтың санитарлық жағдайы жақсарып, жүйені күтіп ұстау жұмыстары жеңілдей түседі.

Жоба толық жүзеге асқан жағдайда кент тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз ету сапасы артып, коммуналдық инфрақұрылымның тиімділігі күшеймек. Бұл өз кезегінде халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және елді мекеннің инженерлік жүйесін жаңғыртуға оң әсерін тигізеді.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жауапты мамандар жобаны сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау бағытында жұмыс жасауда. Инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған мұндай бастамалар өңірдің әлеуметтік дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сүру қолайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Previous Post

ШИЕЛІДЕГІ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯ ЖАҢА КЕЛБЕТКЕ ИЕ БОЛДЫ

Next Post

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Next Post
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

СЫРДАРИЯДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

СЫРДАРИЯДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

2 месяца ago
ШИЕЛІДЕГІ САУДА НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

ШИЕЛІДЕГІ САУДА НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

3 месяца ago
ЕРЛІК ЕЛ ЖАДЫНДА. ШИЕЛІДЕ КАМАЛ ОСПАНҰЛЫНА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШ ӨТТІ

ЕРЛІК ЕЛ ЖАДЫНДА. ШИЕЛІДЕ КАМАЛ ОСПАНҰЛЫНА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШ ӨТТІ

3 месяца ago
«AMANAT AI TOT» —  СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

«AMANAT AI TOT» — СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

3 месяца ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА
  • «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
  • АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

30.05.2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

28.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews