Четверг, 28 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Қоғам

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТАҒЗЫМ ОРЫНДАРЫНА ТАЗАЛЫҚ АҒАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – бір ұғым» атты жалпыхалықтық акция ұйымдастырылды деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
21.04.2026
in Қоғам, Жаңалықтар
0
ҚЫЗЫЛОРДАДА ТАҒЗЫМ ОРЫНДАРЫНА ТАЗАЛЫҚ АҒАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on Facebook

Қызылорда облысында Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – бір ұғым» атты жалпыхалықтық акция ұйымдастырылды. Іс-шара облыс әкімдігінің қолдауымен өтті.

Акция барысында өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі орындар мен зират аумақтарында ауқымды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар ағаш отырғызып, қоршауларды ретке келтіріп, жолдарды тазалау және жөндеу жұмыстарын атқарды.

Ұқсас посттар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026

Игі бастамаға облыс тұрғындарымен қатар мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, қоғамдық ұйымдар және жастар белсенді түрде атсалысты.

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бастамасының мәнін айқындап, тазалықтың тек қоршаған ортамен шектелмейтінін, оның ой-сана мен рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі екенін атап өткен болатын. Бұл ұстаным акцияның мазмұнын айқындай түсті.

Қазақ халқының дәстүрінде киелі орындарды күтіп-ұстау – ұрпақ парызы. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген нақыл өткенге құрмет көрсетудің маңызын айғақтайды. Қорымдар мен кесенелер халық үшін тек жерлеу орны емес, ата-баба рухына тағзым ететін қасиетті кеңістік саналады.

Облыс бойынша 72 нысан киелі орындар тізіміне енгізілген. Соңғы жылдары бұл нысандарда жергілікті бюджет пен демеушілер есебінен жөндеу және реставрация жұмыстары жүргізіліп, инфрақұрылымы жақсартылған.

Акция аясында өңірдегі 200-ге жуық қасиетті орын мен зират аумағы тазартылып, 20 мыңнан астам тұрғын белсенділік танытты.

Мамандардың айтуынша, мұндай бастамалар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыруға ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Previous Post

KAP LOGISTICS ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНЕ — 20 ЖЫЛ

Next Post

МОҢҒОЛИЯ ПРЕЗИДЕНТІ УХНААГИЙН ХУРЭЛСУХТЫ РЕСМИ ҚАРСЫ АЛУ РӘСІМІ

Next Post
МОҢҒОЛИЯ ПРЕЗИДЕНТІ УХНААГИЙН ХУРЭЛСУХТЫ РЕСМИ ҚАРСЫ АЛУ РӘСІМІ

МОҢҒОЛИЯ ПРЕЗИДЕНТІ УХНААГИЙН ХУРЭЛСУХТЫ РЕСМИ ҚАРСЫ АЛУ РӘСІМІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

#РЕФЕРЕНДУМ

#РЕФЕРЕНДУМ

3 месяца ago
ҒАСЫР КУӘГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

ҒАСЫР КУӘГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

3 недели ago
ШИЕЛІДЕ ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІК ҰЛЫҚТАЛДЫ

ШИЕЛІДЕ ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІК ҰЛЫҚТАЛДЫ

3 недели ago
СЫРДАРИЯДА МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖОҒАРЫ

СЫРДАРИЯДА МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖОҒАРЫ

1 месяц ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews