Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының жаһандық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту жөніндегі вице-президенті Николо Мартин Капрезбен, сондай-ақ Firebird AI компаниясының негізін қалаушылар Размиг Берг Овакимянмен және Александр Есаянмен кездесті.
Әңгімелесу барысында ЖИ-инфрақұрылымын жобалау, салу және пайдалану бағытындағы серіктестік перспективасы талқыланды.
Мемлекет басшысы Қазақстан алдағы үш жылда толық цифрлық елге айналуды көздеп отырғанын жеткізді.
Президенттің айтуынша, NVIDIA технологиясы негізінде суперкомпьютер кластерлерін іске қосу аталған мақсатқа жету және елдің технологиялық дербестігін нығайту ісіндегі маңызды қадам болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласында Деректерді өңдеу орталығы алқабын құру бойынша стратегиялық жоба қолға алынғанына тоқталды. Онда есептеу инфрақұрылымын дамытқысы келетін инвесторларға қолжетімді электр энергиясы, телекоммуникация желісі және салық жеңілдіктері қарастырылады.
NVIDIA және Firebird AI өкілдері Арменияда осыған ұқсас жобаны жүзеге асырып жатқаны жайында айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен компания өкілдері ЖИ-экожүйесін дамыту бағытындағы бірлескен бастаманы іске асыру мүмкіндіктерін зерделеуге келісті.
*****
Глава государства принял представителей компаний NVIDIA и Firebird AI
Президент Касым-Жомарт Токаев встретился с вице-президентом по глобальному развитию ИИ-инфраструктуры NVIDIA Николо Мартином Капрезой, а также с сооснователями компании Firebird AI Размигом Бергом Овакимяном и Александром Есаяном.
В ходе беседы были обсуждены перспективы сотрудничества в сфере проектирования, строительства и эксплуатации ИИ-инфраструктуры.
Глава государства отметил, что Казахстан стремится стать полностью цифровой страной в течение ближайших трех лет.
По его словам, запуск суперкомпьютерных кластеров на базе технологии NVIDIA стал серьезным шагом к достижению этой цели и укреплению технологического суверенитета страны.
Касым-Жомарт Токаев рассказал о планах по реализации стратегического проекта «Долина ЦОДов» в городе Экибастузе, направленного на создание вычислительной инфраструктуры с обеспечением доступной электроэнергии, телекоммуникаций и налоговых преференций для инвесторов.
Представители NVIDIA и Firebird AI в свою очередь проинформировали об осуществлении аналогичного проекта в Армении.
По итогам встречи достигнута договоренность изучить возможности совместной деятельности в сфере развития ИИ-экосистемы.







