Воскресенье, 26 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

СЫРДАРИЯДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҰЛЫҚТАҒАН «ЖАС ЖҰБАЙЛАР ЖЫРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Ұлттық құндылық ұлықталған өнер кеші өтті деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
17.05.2026
in Жаңалықтар
0
СЫРДАРИЯДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҰЛЫҚТАҒАН «ЖАС ЖҰБАЙЛАР ЖЫРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on Facebook

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Шіркейлі ауылында “Жұбайлар жыры” атты өнерлі отбасылардың ән байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Тағылымы мол мәдени шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Отбасы құндылықтарын дәріптеуді мақсат еткен мерекелік кеш ауыл тұрғындары мен қонақтарының ерекше ықыласына бөленді. Шара аясында ұлттық салт-дәстүр мен отбасы тәрбиесін насихаттайтын арнайы көрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұлттық мұралар, қолөнер бұйымдары және отбасылық шығармашылық жұмыстар ұсынылды. Көрмеде қазақы тәрбиенің мәйегі саналатын ұлттық құндылықтар кеңінен дәріптеліп, жас ұрпаққа өнеге болатын дүниелер көпшілікке таныстырылды.

Ұқсас посттар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

28.05.2026
АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

28.05.2026

Салтанатты шара барысында сөз сөйлеген аудан әкімі отбасының қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып, берекелі жанұя – мемлекеттің тұрақты дамуының басты тірегі екенін атап өтті.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Берекелі шаңырақ – елімізді үйлесімді әрі орнықты дамытудың мызғымас кепілі» деп атап өткен болатын. Сондықтан отбасы институтын нығайту, ана мен баланы қорғау, ұлттық құндылықтарды ұлықтау – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Бүгінде қоғамда еңбекқорлық, білімпаздық, сыйластық секілді қасиеттерді дәріптеу арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Осы бағытта өңірімізде жүйелі жұмыстар атқарылып келеді, — деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Сондай-ақ аудан басшысы аймақта жүзеге асып жатқан рухани-мәдени жобаларға тоқталып, облыс орталығында ашылған “Отбасы орталығы”, “Анаға тағзым”, “Өнер орталығы” секілді нысандардың халық игілігіне қызмет етіп жатқанын жеткізді. Бұдан бөлек, мәдениет үйлері жанынан құрылған “Адал адам” рухани-мәдени орталықтары мен аудан орталығындағы “Руханият” орталығы ұлттық тәрбиені жаңғыртуға айрықша үлес қосып отырғанын айтты.

Байқауға барлығы жеті өнерлі жұп қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар отбасылық құндылықтарды, сыйластық пен махаббатты арқау еткен әндерді орындап, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды. Әрбір жұптың сахнадағы өнері мен жарасымды үлгісі көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Өнер сайысының қорытындысы бойынша үздік деп танылған жұптарға Бас жүлде, І, ІІ және ІІІ дәрежелі орындар табысталып, арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді. Мерекелік кеш отбасы бірлігі мен ұлттық тәрбиенің маңызын айшықтаған тағылымды шара ретінде есте қалды.

Previous Post

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ШИЕЛІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Next Post

СЫРДАРИЯДА ТАРИХИ МҰРА ДӘРІПТЕЛГЕН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Next Post
СЫРДАРИЯДА ТАРИХИ МҰРА ДӘРІПТЕЛГЕН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

СЫРДАРИЯДА ТАРИХИ МҰРА ДӘРІПТЕЛГЕН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

«ҚЫЗЫЛОРДА – ЖАЛАҒАШ» ЖОЛЫНДАҒЫ КӨПІР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

«ҚЫЗЫЛОРДА – ЖАЛАҒАШ» ЖОЛЫНДАҒЫ КӨПІР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

2 месяца ago
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

3 месяца ago
АУДАН ӘКІМІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

8 месяцев ago
ҚЫЗЫЛОРДАДА «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ҚОРЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ҚОРЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ

5 месяцев ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА
  • «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
  • АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

30.05.2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

28.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews