Среда, 27 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Қылмыс

ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚОЛДАУ – ҚОҒАМ МІНДЕТІ

“Руханият” орталығында маңызды түсіндірме жұмыстары жүргізілді деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
06.05.2026
in Қылмыс, Қоғам
0
ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚОЛДАУ – ҚОҒАМ МІНДЕТІ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on Facebook

2026 жылғы 5 мамыр күні аудандық “Руханият” орталығында жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алуға бағытталған кең ауқымды ақпараттық-түсіндірме шарасы ұйымдастырылды. Маңызы зор кездесуге білім беру ұйымдарының өкілдері, атап айтқанда мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар және ата-аналар қауымы қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің психологиялық саулығын нығайту, олардың бойындағы күйзеліс пен ішкі алаңдаушылықтың алдын алу, сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейту арқылы қауіптің алдын алу жолдарын түсіндіру болды. Жиында қатысушыларға бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – жасөспірімдер арасындағы суицидтің себептері мен салдары, оны болдырмаудың тиімді тәсілдері жан-жақты талқыланды.

Ұқсас посттар

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

20.05.2026

Шара барысында Облыстық психологиялық қолдау орталығының әдістемелік кабинет меңгерушісі Жания Жоямергенқызы Бисенова арнайы баяндама жасап, қатысушылармен тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті. Ол өз сөзінде жасөспірімдердің психоэмоционалдық жағдайына дер кезінде көңіл бөлу, олардың мінез-құлқындағы өзгерістерді байқау және ата-ана мен педагог арасындағы тығыз байланыстың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі мен сенімді қарым-қатынас орнатудың қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Жиын аясында тәрбиелік мәні зор «Өмір сақшылары» атты фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды. Фильм мазмұны арқылы қатысушыларға өмірдің құндылығы, қиындықтарды еңсерудің маңызы және жақын жандардың қолдауының рөлі тереңінен жеткізілді. Көрсетілімнен кейін қатысушылар өзара пікір алмасып, ой бөлісті.

Жалпы, мұндай кездесулер қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік беріп қана қоймай, ата-аналар мен мамандардың бірлесе әрекет етуіне жол ашады. Мамандардың пікірінше, жүйелі түрде жүргізілетін осындай алдын алу шаралары жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Previous Post

ШИЕЛІДЕ ЖАҢА КӨПІР БОЙ КӨТЕРУДЕ

Next Post

ЕРЛІК – ҰРПАҚҚА АМАНАТ. ӘСЕРБАЙ АЙКУПЕШОВҚА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ

Next Post
ЕРЛІК – ҰРПАҚҚА АМАНАТ. ӘСЕРБАЙ АЙКУПЕШОВҚА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ

ЕРЛІК – ҰРПАҚҚА АМАНАТ. ӘСЕРБАЙ АЙКУПЕШОВҚА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің атқарылу мәселесі қаралды

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің атқарылу мәселесі қаралды

7 месяцев ago
ЦИФРЛАНДЫРУ – ДАМУ ДРАЙВЕРІ. АУДАНДА ЖАҢА МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ДАМУ ДРАЙВЕРІ. АУДАНДА ЖАҢА МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

4 недели ago
АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

2 недели ago
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

1 месяц ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews