Среда, 27 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

ЕРЛІК – ҰРПАҚҚА АМАНАТ. ӘСЕРБАЙ АЙКУПЕШОВҚА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ

Сырдарияда соғыс ардагерінің рухани мұрасы насихатталды деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
06.05.2026
in Жаңалықтар
0
ЕРЛІК – ҰРПАҚҚА АМАНАТ. ӘСЕРБАЙ АЙКУПЕШОВҚА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on Facebook

Сырдария ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері, І дәрежелі орден иегері әрі «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған Әсербай Айкупешовтың өмірі мен ерлігіне арналған тағылымды көрме өтті. «Сырдария аудандық архиві» филиалы ұйымдастырған «Ұрпағына мұра болған ерлік» атты шарада батырдың жеке тектік қорынан алынған құжаттар көпшілік назарына ұсынылды.

Көрмеге ардагердің келіні Раушан Құлмаханова, №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің 7-сынып оқушылары мен олардың ұстазы қатысып, тарихи тағылымы мол деректермен танысты. Іс-шараның басты мақсаты – елге еңбегі сіңген тұлғаның өнегелі өмір жолын насихаттап, оның кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани мұрасын кеңінен таныстыру.

Ұқсас посттар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

21.05.2026

Шараны архив филиалының басшысы Ж. Сейлов ашып, қатысушыларға көрменің маңызын түсіндіріп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі туралы мазмұнды мәліметтер берді. Оның айтуынша, мұндай шаралар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, елжандылық қасиеттерін нығайтуда ерекше рөл атқарады.

Көрме барысында архивист Ж. Ермаханов келушілерді Әсербай Айкупешовтың 1943–2017 жылдар аралығын қамтитын жеке құжаттарымен таныстырды. Экспозицияда соғыс жылдарында алған ордендері мен медальдарының куәліктері, түрлі марапаттары мен құттықтау хаттары, сирек фотосуреттері және баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары қойылған. Бұл деректер арқылы ардагердің майдандағы және бейбіт өмірдегі еңбегі жан-жақты көрініс тапқан.

Өз кезегінде Раушан Құлмаханова оқушыларға қайын атасының майдандағы қиын-қыстау кезеңдердегі естеліктерін айтып, оның батырлығы мен қайсарлығы туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Бұл жас буынға ерекше әсер қалдырды.

Көрме соңында қатысушылар ардагердің өмірі мен ерлігі туралы мол мағлұмат алып, архив қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Тағылымды шара жастардың тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырып, ел тарихына деген қызығушылығын оятты.

Previous Post

ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚОЛДАУ – ҚОҒАМ МІНДЕТІ

Next Post

ТҮНГІ БАҚЫЛАУ – ТӘРТІП КЕПІЛІ. СТУДЕНТТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Next Post
ТҮНГІ БАҚЫЛАУ – ТӘРТІП КЕПІЛІ. СТУДЕНТТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

ТҮНГІ БАҚЫЛАУ – ТӘРТІП КЕПІЛІ. СТУДЕНТТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

ШИЕЛІДЕ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШИЕЛІДЕ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

1 месяц ago
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА АВТОЖОЛ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА АВТОЖОЛ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

3 месяца ago
СЫРДАРИЯДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

СЫРДАРИЯДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

2 недели ago
АУДАН ӘКІМІ БЕРІК СӘРМЕНБАЕВТЫҢ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!

АУДАН ӘКІМІ БЕРІК СӘРМЕНБАЕВТЫҢ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!

3 месяца ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews