Среда, 28 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігінде күн райы суытады

Ел аумағында бірқатар өңірлерде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі деп хабарлайды alashordanews.kz

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
13.12.2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
0
SHARES
0
VIEWS
Share on Facebook

Қарағанды облысының солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерінде тұман байқалады.

Ақтөбе өңірінде қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ орын алады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан соғып, жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ұқсас посттар

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

13.12.2025
ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

13.12.2025

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс аймақтарында қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігі, орталығы және оңтүстігінде жаңбыр аралас қар түсіп, жолдарда тайғақ қалыптасады. Оңтүстік өңірлерде тұман күтіледі. Жел шығыс және оңтүстік-шығыстан соғып, кей жерлерде 20 м/с-қа дейін, түнде 25 м/с-қа дейін екпін алады.

Орал қаласында қарлы боран соғып, жолдарда көктайғақ болады. Жел бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23–28 м/с-қа жетуі мүмкін.

Абай облысының солтүстік, шығыс және орталық аумақтарында қар мен бұрқасын болжанады. Күндіз батыс, оңтүстік және орталық бөліктерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі. Оңтүстігінде тұман байқалады. Жел оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соғып, кей жерлерде 20 м/с-қа дейін, түнде 28 м/с-қа дейін күшейеді.

Жетісу облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ таулы өңірлерде көктайғақ пен тұман күтіледі. Шығыс бағыттан соғатын жел Алакөл маңында 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында қар жауып, кей уақыттарда қатты қар мен жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік және таулы өңірлерде тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кей жерлерде екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанай облысында көктайғақ сақталады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 28 м/с-қа дейін барады.

Қызылорда облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, бұрқасын, тұман және көктайғақ байқалады. Жел бағыты оңтүстіктен батысқа ауысып, солтүстік аудандарда 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Түркістан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын күшейіп, күн соңына қарай қатты жаңбыр жауады. Түнгі және таңғы уақытта бірнеше өңірде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, таулы аудандарда 20 м/с-қа дейін жетеді.

Петропавл қаласында күндіз қар жауып, бұрқасын болады. Жел оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы 20 м/с-қа дейін күшейеді.

Астана қаласында жолдарда көктайғақ күтіледі.

Атырау өңірінде қар мен бұрқасын болып, тайғақ жол жағдайы қалыптасады. Батыс және солтүстік-батыс бағыттағы желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында көктайғақ байқалады. Бірқатар аумақта тұман түседі. Жел бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, шығыс бөлігінде 20 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы қаласында түнгі және таңғы мезгілде тұман болады.

Ақмола облысының батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарында көктайғақ сақталады.

Жезқазған қаласында күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Жел оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз 20 м/с-қа дейін күшейеді.

Previous Post

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Қызылордада Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Қызылордада Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

3 месяца ago
Қазақстанда футбол ойыншысы матч кезінде көз жұмды

Қазақстанда футбол ойыншысы матч кезінде көз жұмды

3 месяца ago
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің атқарылу мәселесі қаралды

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің атқарылу мәселесі қаралды

3 месяца ago
ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

2 месяца ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

  • Қазақстанның басым бөлігінде күн райы суытады
  • Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз
  • АУДАН ӘКІМІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Санаттар

  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігінде күн райы суытады

13.12.2025
Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

13.12.2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews