Среда, 27 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Саясат

«AMANAT AI TOT» — СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

«Amanat AI ToT» (Training of Trainers) өңірлік тренерлерді даярлау бағдарламасы аудан көлемінде ресми түрде бастау алды деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
21.04.2026
in Саясат, Қоғам
0
«AMANAT AI TOT» —  СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on Facebook

Сырдария ауданында цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған жаңа бастама қолға алынды. «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының, Kyzylorda HUB және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бірлескен жобасы – «Amanat AI ToT» (Training of Trainers) өңірлік тренерлерді даярлау бағдарламасы аудан көлемінде ресми түрде бастау алды.

Алғашқы оқыту сабағы «Әбілпаттаев» бастауыш партия ұйымында өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы мен бастауыш партия ұйымының төрайымы Света Сақтапова қатысып, қатысушыларға цифрлық трансформацияның маңызы мен партияның осы бағыттағы жүйелі жұмыстары туралы кеңінен баяндады.

Ұқсас посттар

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

20.05.2026

Ақтөре Ибрагимұлы өз сөзінде бүгінгі таңда цифрландыру үдерісі қоғамның барлық саласына дендеп еніп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, «AMANAT» партиясы бұл бағытты стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде айқындап, нақты жобалар арқылы жүзеге асырып келеді. Соның бірі – өткен жылы «Daryn Ustaz» орталығымен бірлесіп іске қосылған «Ustazga AI» жобасы. Аталған бастама мыңдаған педагогтың жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалануына мүмкіндік берген. Сонымен қатар, «Жастар Рухы» жастар қанаты өңірде бірнеше жыл бойы 10-11 сынып оқушылары арасында спорттық бағдарламалау олимпиадаларын ұйымдастырып, жеңімпаздарға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім гранттарын табыстап келеді.

– Бүгін басталған «Amanat AI ToT» бағдарламасы – осы жұмыстардың заңды жалғасы. Бұл жоба тек оқыту алаңы ғана емес, өңірлердегі цифрлық теңсіздікті азайтып, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды бастама. Арнайы дайындықтан өткен аудан мамандары енді өз кезегінде жергілікті деңгейде білім таратып, оқыту жұмыстарын жүргізуде, – деді ол.

Бағдарлама аясында қатысушылар генеративті жасанды интеллект негіздерін меңгеріп, нейрожелілермен жұмыс істеу қағидаттарын тәжірибе жүзінде игереді. Оқыту барысында мәтін жазу, сурет жасау, презентациялар дайындау секілді дағдыларды жетілдірумен қатар, заманауи «vibecoding» тәсілдері арқылы бағдарламалау негіздері де қамтылған.

Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – Training of Trainers форматы. Яғни, қатысушылар тек білім алып қана қоймай, оны өзгелерге түсінікті әрі қолжетімді түрде жеткізу әдістерін де үйренеді. Бұл өз кезегінде өңірлерде білікті тренерлердің қалыптасуына және цифрлық білімнің кеңінен таралуына ықпал етпек.

Айта кетейік, оқыту жұмыстары алдағы күндері ауданның өзге де бастауыш партия ұйымдарында жалғасын табады. Атап айтқанда, «Тәжібаев», «Тоқтыбаев», «Құндызды» бастауыш партия ұйымдарында да осындай тренингтер өткізу жоспарланған. Бұл бастама Сырдария ауданында ғана емес, тұтастай өңірде цифрлық мәдениетті қалыптастыруға серпін береді деп күтілуде.

 

Previous Post

ТАҒЗЫМ ОРЫНДАРЫ ТАЗАРТЫЛДЫ: СЫРДАРИЯДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

Next Post

KAP LOGISTICS ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНЕ — 20 ЖЫЛ

Next Post
KAP LOGISTICS ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНЕ —  20 ЖЫЛ

KAP LOGISTICS ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНЕ - 20 ЖЫЛ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

5 дней ago
СЫРДАРИЯДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

СЫРДАРИЯДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

2 недели ago
ТАҒЗЫМ ОРЫНДАРЫ ТАЗАРТЫЛДЫ: СЫРДАРИЯДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

ТАҒЗЫМ ОРЫНДАРЫ ТАЗАРТЫЛДЫ: СЫРДАРИЯДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

1 месяц ago
СЫРДАРИЯДА ШҰБАТ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУҒА БЕТ БҰРҒАН КӘСІПКЕР

СЫРДАРИЯДА ШҰБАТ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУҒА БЕТ БҰРҒАН КӘСІПКЕР

3 недели ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews