Воскресенье, 26 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Қоғам

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Буллинг, алаяқтық және нашақорлықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
23.04.2026
in Қоғам, Қылмыс
0
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on Facebook

Сырдария ауданында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында кезекті профилактикалық іс-шара өтті. №35 мектеп-лицейі базасында ұйымдастырылған кездесуге аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысып, оқушылармен ашық форматта пікір алмасты.

Іс-шараға Сырдария ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы, полиция капитаны Г.Жұмабек, полиция аға лейтенанты Ж.Талғатқызы, сондай-ақ криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері – полиция аға лейтенанты А.Салман мен Ә.Саруаров қатысты.

Ұқсас посттар

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

30.05.2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

28.05.2026

«Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында өткен кездесуде тәртіп сақшылары жастарға есірткінің зияны мен оның адам денсаулығына, психикасына және болашағына тигізетін кері әсері туралы жан-жақты түсіндірді. Мамандар нашақорлықтың тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне қатер төндіретінін атап өтті.

Сонымен қатар, жиын барысында оқушыларға қазіргі қоғамда кең таралған интернет-алаяқтық түрлері туралы нақты мысалдар келтіріліп, одан сақтану жолдары түсіндірілді. Полицейлер күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу, жеке мәліметтерді бөгде адамдарға жарияламау және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.

Кездесуде жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелердің бірі – топтық төбелес пен буллинг тақырыбы да кеңінен қозғалды. Құқық қорғау органдарының өкілдері мұндай әрекеттердің құқықтық салдары бар екенін түсіндіріп, әрбір құқықбұзушылық үшін заң аясында жауапкершілік қарастырылатынын жеткізді. Сондай-ақ, оқушыларға өзара сыйластықты сақтау, тәртіпке бағыну және заң талаптарын орындау – қауіпсіз қоғамның негізгі кепілі екені айтылды.

Мамандардың айтуынша, мұндай профилактикалық кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Іс-шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, жастармен тұрақты түрде жүргізілетін осындай түсіндіру жұмыстары құқықбұзушылықтың алдын алып, қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Previous Post

ШИЕЛІДЕ ЖАСТАРҒА ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ТАҚЫРЫБЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Next Post

ШИЕЛІДЕ ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Next Post
ШИЕЛІДЕ ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ШИЕЛІДЕ ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

ШИЕЛІДЕ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АИТВ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

ШИЕЛІДЕ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АИТВ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

3 месяца ago
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТКЕ ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТКЕ ҚАТЫСТЫ

5 месяцев ago
СОҒЫС АРДАГЕРІН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУРНИР

СОҒЫС АРДАГЕРІН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУРНИР

3 месяца ago
ҚЫЗЫЛОРДАДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

4 месяца ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА
  • «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
  • АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

30.05.2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

28.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews