Среда, 27 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

СЫРДАРИЯДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ауданда күріш көлемі оңтайланып, су үнемдеу шаралары күшейтіледі деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
12.05.2026
in Жаңалықтар
0
СЫРДАРИЯДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on Facebook

Ауданда көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы жан-жақты пысықталып, егіс науқанын сапалы ұйымдастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Осыған байланысты бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев төрағалық еткен мәжілісте ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті міндеттер қаралып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Жиын барысында аудан басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық міндеттерге сәйкес, су ресурстарын тиімді пайдалану мен егіс алқаптарын әртараптандырудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Әсіресе, климаттық өзгерістер мен су тапшылығы жағдайында ауыл шаруашылығын жаңа талаптарға бейімдеу уақыт талабы екені айтылды.

Ұқсас посттар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

21.05.2026

Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі таңда су үнемдеу саясаты кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Соған сәйкес суды көп қажет ететін дақылдардың көлемін оңтайландыру, су шығынын азайту және заманауи технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл өз кезегінде өңірдегі аграрлық саланың тұрақты дамуына мүмкіндік береді.

– Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау шараларын тиімді пайдаланып, көктемгі дала жұмыстарына тыңғылықты дайындалуымыз қажет. Су ресурстарын үнемдеу – бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан суды аз қажет ететін дақылдардың көлемін ұлғайтып, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу арқылы ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруымыз керек, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Биыл ауданда жалпы көлемі 32 064 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланып отыр. Оның ішінде негізгі басымдық күріш шаруашылығына берілген. Атап айтқанда, 17 мың гектар алқапқа күріш егу көзделген. Сонымен қатар су үнемдеу мақсатында 2 мың гектарға жүгері, 1885 гектарға бидай, 384 гектарға мақсары, 105 гектарға соя және 10 мың гектарға жоңышқа орналастыру жоспарланған.

Мамандардың мәліметінше, қазіргі таңда жоспарланған егіс көлемінің 48 пайызына ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Бұл көктемгі дала жұмыстарының белгіленген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Мәжіліс барысында сала мамандары техника дайындығы, жанар-жағармай қоры, тұқым сапасы, минералды тыңайтқыштармен қамту және суару жүйелерінің жай-күйі жөнінде баяндады. Сондай-ақ, көктемгі науқан кезінде туындауы мүмкін мәселелер сараланып, оларды дер кезінде шешу жолдары қарастырылды.

Жиын қорытындысында аудан әкімі жауапты сала басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне көктемгі дала жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтау жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Сонымен бірге, су үнемдеу технологияларын енгізу мен ауыл шаруашылығын цифрландыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.

Previous Post

СОҒЫС АРДАГЕРІН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУРНИР

Next Post

ШИЕЛІДЕ КҮРІШ КӨЛЕМІ ҚЫСҚАРЫП, СУ ҮНЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Next Post
ШИЕЛІДЕ КҮРІШ КӨЛЕМІ ҚЫСҚАРЫП, СУ ҮНЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

ШИЕЛІДЕ КҮРІШ КӨЛЕМІ ҚЫСҚАРЫП, СУ ҮНЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

СЫРДАРИЯДА  ОҚУШЫЛАР МЕН АТА-АНАЛАРҒА ҚАУІПСІЗ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ТАҚЫРЫБЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

СЫРДАРИЯДА ОҚУШЫЛАР МЕН АТА-АНАЛАРҒА ҚАУІПСІЗ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ТАҚЫРЫБЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

2 недели ago
СЫРДАРИЯДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

СЫРДАРИЯДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2 месяца ago
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОДӘЛІЗ БОЙЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ ПЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОДӘЛІЗ БОЙЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ ПЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

4 недели ago
ШИЕЛІДЕГІ САУДА НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

ШИЕЛІДЕГІ САУДА НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

1 месяц ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews