Четверг, 28 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

ҒАСЫР КУӘГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Яхия Тасыровпен тағылымды кеш өтті деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
09.05.2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ҒАСЫР КУӘГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on Facebook

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні қарсаңында аудандық кітапханада ел қорғаған ерлердің ерлігін ұлықтауға арналған тағылымы терең кездесу кеші ұйымдастырылды. «Ғасыр адамы» атанған, ауданның жалғыз қалған Ұлы Отан соғысы ардагері Яхия Тасыровпен өткен рухани шараға кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылары, ұстаздар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Тағылымды кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа майдангерлердің ерлігін насихаттау, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты қалыптастыру, тарихи жадымызды жаңғыртып, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру болды.

Ұқсас посттар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026

Кеш шымылдығы ардагердің өмір жолына арналған мазмұнды баяндаумен ашылды. Жиналған көпшілікке Яхия Тасыровтың соғыс жылдарындағы ерлігі, майдан даласындағы қиын сәттері мен елге сіңірген еңбегі туралы әсерлі деректер айтылды. Майдангердің тағдыры – тек бір адамның ғана өмір жолы емес, тұтас бір дәуірдің, қиын-қыстау кезеңнің шынайы шежіресі екені кеңінен сөз болды.

Шара барысында қатысушылар ардагердің естеліктерін ерекше ықыласпен тыңдап, бейбіт өмірдің бағасы мен ел тыныштығының маңызы жайлы тағылымды ой түйді. Ғасыр куәгерінің әрбір әңгімесі жас буын үшін өнеге мен тәрбие мектебіне айналды.

Кездесу кешінің мазмұнын балалар кітапханасының белсенді оқырмандары мен №131 Талғат Қозыбаев атындағы мектептің оқушылары одан әрі байыта түсті. Оқушылар Ұлы Жеңіс тақырыбындағы патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқып, майдангерлерге деген құрметтерін жеткізді. Олардың жүрекпен оқылған жырлары көпшілікке ерекше әсер сыйлап, кештің рухани мазмұнын тереңдете түсті.

Сонымен қатар кітапхананың тұрақты оқырманы, жас ақын Нұрсұлтан Сүйіндіқов майдангер Яхия Тасыровқа арнаған жүрекжарды өлеңін оқып берді. Жас ақынның арнауы кеш қонақтарының ыстық ықыласына бөленіп, көрермендер тарапынан зор қошеметке ие болды. Ардагерге деген құрмет пен алғыс сезімі жырға арқау болған туынды кештің әсерлі сәттерінің біріне айналды.

Рухани шара аясында Ұлы Жеңіс күніне арналған арнайы кітап көрмесі де ұйымдастырылды. Көрмеге соғыс тарихы, майдангерлер тағдыры, батырлардың ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегі туралы кітаптар қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері келушілерге әрбір туындының мазмұны мен тарихи маңызы жөнінде жан-жақты мәлімет берді.

Кеш соңында 104 жастағы қария жастарға ақ батасын беріп, ел амандығы мен бейбіт өмірдің баянды болуын тіледі. Майдангердің ақ тілегі мен өнегелі сөздері қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Тағылымы мол кездесу кеші жас ұрпақты ел тарихын құрметтеуге, ерлікке тағзым етуге, отансүйгіштік рухта тәрбиеленуге үндеген мазмұнды рухани шара ретінде есте қалды. Ұлы Жеңістің мәні мен маңызын ұғындырған бұл кеш – өткенге құрмет, болашаққа аманат болған тағылымды басқосу болды.

Previous Post

СЫРДАРИЯДА ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Next Post

МАЙДАНГЕР МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛҒАН КҮН

Next Post
МАЙДАНГЕР МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛҒАН КҮН

МАЙДАНГЕР МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛҒАН КҮН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

4 недели ago
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МИХАИЛ МИШУСТИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МИХАИЛ МИШУСТИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

2 месяца ago
ТҮНГІ РЕЙДТЕР – ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

ТҮНГІ РЕЙДТЕР – ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

4 недели ago
СЫРДАРИЯДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

СЫРДАРИЯДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2 месяца ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews