Среда, 27 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Кітап – ұлттың рухани тірегі. Аудандағы мерекелік шара мазмұнды өтті деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
23.04.2026
in Жаңалықтар
0
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТТІ
0
SHARES
21
VIEWS
Share on Facebook

«Руханият» орталығында Ұлттық кітап күні мен кітапханашылар мерекесіне орай «Кітап – ұлттың рухани тірегі» атты кең ауқымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Тағылымы мол жиынға аудан әкімі Берік Сәрменбаев қатысып, руханият пен білімнің маңызын айқындайтын мазмұнды ойларымен бөлісті.

Салтанатты шараға аудан ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, кітапхана қызметкерлері мен кітапсүйер оқырмандар жиналып, кітаптың қоғамдағы орны мен маңызын ұлықтаған мазмұнды бағдарламаның куәсі болды. Іс-шара аясында түрлі танымдық жобалар ұйымдастырылып, келушілер назарына кітап көрмелері, ұлттық әдебиет пен әлемдік классика жауһарларына арналған арнайы бұрыштар, сондай-ақ «кітап керуені» ұсынылды.

Ұқсас посттар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

21.05.2026

Жиында сөз алған аудан басшысы Берік Сәрменбаев көпшілікті Ұлттық кітап күнімен құттықтап, кітаптың адамзат өркениетіндегі баға жетпес құндылық екенін атап өтті. Ол бұл мерекенің рухани-танымдық мәніне тоқталып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру – ұлт болашағы үшін аса маңызды екенін жеткізді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен аталып өтіп жатқан бұл күннің маңызына ерекше назар аударылды. Президенттің жастарды кітап оқуға баулу жөніндегі ұстанымы бүгінгі қоғам үшін өзекті екені айтылып, оқырман ұлт қалыптастырудың негізгі жолы – білім мен кітапқа деген сүйіспеншілікте екені кеңінен сөз болды.

Аудан көлемінде кітапхана ісінің дамуы да назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі таңда өңірде 17 кітапхана жүйесі жұмыс істеп, білім беру мекемелеріндегі кітапханалармен қатар халыққа қызмет көрсетуде. Кітап қорын сақтау мен толықтыру бағытында 50-ден астам кітапханашы еңбек етуде. Соңғы жылдары кітапханалар заманауи талаптарға сай жаңғыртылып, «коворкинг» орталықтары, тегін интернет желісі және аудио-видео құрылғылармен жабдықталған. Бұл өз кезегінде оқырмандарға электрондық ресурстарды еркін пайдаланып, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр.

Салтанатты жиын соңында кітапханашылар мен белсенді оқырмандардың еңбегі жоғары бағаланып, аудан әкімінің Алғыс хаттары, Қазақстандық салалық кәсіподақтың Құрмет грамоталары және облыстық деңгейдегі марапаттар табысталды. Бұл – кітап оқу мәдениетін дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға көрсетілген зор құрметтің белгісі.

Мерекелік күн аясында аудан әкімдігі тарапынан аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне заманауи LED-экран мен дыбыс күшейткіш аппаратурасы сыйға беріліп, мәдениет саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға серпін берілді.

Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жалпы, «Кітап – ұлттың рухани тірегі» атты мерекелік кеш рухани құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісіне айналып, кітаптың қоғам өміріндегі айрықша орнын тағы бір мәрте айқындап берді.

 

Previous Post

ӘДЕБИЕТ ПЕН СЕЗІМ ТОҒЫСҚАН КЕШ. ШИЕЛІДЕ ҚАТИРА ЖӘЛЕНОВАНЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Next Post

ҚЫЗЫЛОРДАДА ІРІ МӘДЕНИ ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ

Next Post
ҚЫЗЫЛОРДАДА ІРІ МӘДЕНИ ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ІРІ МӘДЕНИ ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

СЫРДЫҢ ШЕБЕР АНАСЫ «ҮЗДІК СЫРМАҚШЫ» АТАНДЫ

СЫРДЫҢ ШЕБЕР АНАСЫ «ҮЗДІК СЫРМАҚШЫ» АТАНДЫ

1 неделя ago
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

4 недели ago
ШИЕЛІ АУМАҒЫНАН ӨТЕТІН СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

ШИЕЛІ АУМАҒЫНАН ӨТЕТІН СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

2 месяца ago
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ  ЕЛІМІЗДІҢ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРМЕН МАРАПАТТАДЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЕЛІМІЗДІҢ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРМЕН МАРАПАТТАДЫ

3 месяца ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews