Среда, 27 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА ІРІ МӘДЕНИ ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ

Қызылордада заманауи кітапхананың құрылысы басталды деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
23.04.2026
in Жаңалықтар, Экономика
0
ҚЫЗЫЛОРДАДА ІРІ МӘДЕНИ ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on Facebook

23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында Қызылорда қаласында еліміздегі үшінші Президенттік кітапхананың іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, кәсіпкер-меценат Эдуард Огай, Абзал Ералиев, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтап, жаңа нысанның өңір үшін маңызын атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы былтырғы жұмыс сапары кезінде Астана және Алматыдағыдай тәулік бойы жұмыс істейтін Президенттік кітапхананың үшінші ғимараты Қызылордада бой көтеретінін мәлімдеген.

Ұқсас посттар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

21.05.2026

Жоба аясында демеушілік қаражат есебінен құны 20 млрд теңге болатын, жалпы аумағы 13 мың шаршы метрді құрайтын заманауи кітапхана салынады. Ғимаратта оқу және конференц-залдар, архив пен сирек қор бөлімдері, электронды кітапхана, әлем әдебиеті залы, өнер галереялары, көрме және коворкинг алаңдары, сондай-ақ қалпына келтіру шеберханасы қарастырылған.

Нұрлыбек Нәлібаев бұл бастама халықтың рухани дамуына серпін беріп, кітап оқу мәдениетін жаңа деңгейге көтеретінін жеткізді. Сонымен қатар, жобаға қолдау көрсеткен меценат Эдуард Огайға өңір жұртшылығы атынан алғыс білдірілді.

Рәсім барысында Эдуард Огай мен Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Шәкизада Әбдікәрімов сөз сөйледі.

Айта кетейік, 2022 жылдан бері өңірде 22 мәдениет нысаны пайдалануға берілген. Барлық аудандарда «Руханият орталықтары» ашылып, облыс орталығында «Өнер орталығы», «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы» және «Оқушылар сарайы» салынды. Сонымен қатар, Қазатомөнеркәсіп қолдауымен «Достық үйінің» жаңа ғимараты тұрғызылды. Соңғы жылдары «Сыр жұлдыздары» академиясы мен бірқатар аудандарда өнер мектептері және оқушылар үйлері іске қосылған.

Previous Post

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Next Post

ШИЕЛІДЕ БОЛАШАҚ САРБАЗДАР ШЫҢДАЛУДА

Next Post
ШИЕЛІДЕ БОЛАШАҚ САРБАЗДАР ШЫҢДАЛУДА

ШИЕЛІДЕ БОЛАШАҚ САРБАЗДАР ШЫҢДАЛУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

ШИЕЛІДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

ШИЕЛІДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

2 недели ago
ШИЕЛІДЕ ЖАҢА КӨПІР БОЙ КӨТЕРУДЕ

ШИЕЛІДЕ ЖАҢА КӨПІР БОЙ КӨТЕРУДЕ

3 недели ago
СЫРДАРИЯДА «КІТАПХАНА ТҮНІ» ШАРАСЫ ӨТТІ

СЫРДАРИЯДА «КІТАПХАНА ТҮНІ» ШАРАСЫ ӨТТІ

1 месяц ago
ЦИФРЛАНДЫРУ – ДАМУ ДРАЙВЕРІ. АУДАНДА ЖАҢА МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ДАМУ ДРАЙВЕРІ. АУДАНДА ЖАҢА МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

4 недели ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews