Среда, 27 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

ШИЕЛІДЕГІ ТАҒЗЫМ АЛАҢЫНДА БАТЫРЛАР РУХЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Майдангерлер рухына тағзым жасалды деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
09.05.2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ШИЕЛІДЕГІ ТАҒЗЫМ АЛАҢЫНДА БАТЫРЛАР РУХЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on Facebook

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай аудан орталығындағы «Тағзым» алаңында салтанатты шара ұйымдастырылып, ел тәуелсіздігі мен бейбіт өмір жолында жанын қиған боздақтардың рухына тағзым жасалды. Тағылымы терең, тарихи маңызы зор жиынға тыл және еңбек ардагерлері, Ауған соғысының ардагерлері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, әскери бөлім қызметкерлері, зиялы қауым, аудан тұрғындары мен қонақтар қатысты.

Мерекелік шара барысында майдан даласында ерлік көрсеткен батырлардың есімі ұлықталып, тылда тынымсыз еңбек еткен аға буынға құрмет көрсетілді. Жиынның басты мақсаты – Ұлы Жеңістің тарихи маңызын ұрпақ санасына сіңіру, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру және ел қорғаған ерлердің ерлігін дәріптеу болды.

Ұқсас посттар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026

Салтанатты шарада аудан әкімі Айтбай Жандарбеков сөз сөйлеп, жиналған қауымды Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде Жеңіс мерекесінің халқымыз үшін орны ерекше екенін атап өтіп, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегіне тағзым білдірді.

— Жеңіс мерекесі – майдан даласында жанын қиған батырларымыздың ерлігіне, тылдағы тынымсыз еңбек иелерінің қажыр-қайратына тағзым ететін қасиетті күн. Батыр бабаларымыздың ерлігі мен елге деген адалдығы – кейінгі ұрпаққа мәңгілік өнеге. Біз олардың алдында әрдайым қарыздармыз, – деді аудан басшысы.

Айтбай Жандарбеков өз сөзінде ел көлеміндегі кадрлық өзгерістерге де тоқталды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалуын өңір үшін зор мәртебе екенін атап өтті. Оның ел дамуына қосқан үлесі мен басқарушылық тәжірибесі жоғары сенімнің нәтижесі екеніне назар аударды.

Сонымен қатар Президент Жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаевтың Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалуы Сыр өңіріндегі сабақтастық пен сенімнің айқын көрінісі екенін айтып, жаңа басшылықпен бірге аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.

Жиын барысында аудан әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ардагерлерге қатысты айтқан тағылымды сөзін ерекше атап өтті.

— «Біз отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Жанқиярлық пен ерліктің озық үлгісін көрсеткен батырларымыздың есімін әрдайым ұлықтаймыз. Ардагерлерімізге қамқорлық жасап, қолдау білдіреміз», – деген Президент сөзінің мәні терең. Бұл – аға буынға деген құрметтің айқын белгісі, – деді аудан әкімі.

Салтанатты шара барысында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтар рухына бір минут үнсіздік жарияланды. Қатысушылар соғыс құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті. Бұл сәт көпшіліктің жүрегінде ерекше тебіреніс туғызды.

Шара соңында жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер орындап, соғыс жылдарындағы тарихи әндерді шырқап, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Елдік пен ерлікті арқау еткен әндер көрермендерге рухани әсер сыйлап, Ұлы Жеңістің мәнін тереңірек сезінуге мүмкіндік берді.

Айта кетейік, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары ауданнан 6 мыңнан астам азамат майданға аттанған. Олардың 4407-сі туған жерге оралмай, ел үшін жанын қиды. Бүгінде аудан көлемінде 137 майдангердің есімі көшелерге беріліп, батырлар рухы ел жадында мәңгілік сақталып келеді. Бұл – ерлікке деген тағзымның, тарихқа деген құрметтің және ұрпақ сабақтастығының жарқын көрінісі.

Previous Post

МАЙДАНГЕР МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛҒАН КҮН

Next Post

СЫРДАРИЯДА ШҰБАТ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУҒА БЕТ БҰРҒАН КӘСІПКЕР

Next Post
СЫРДАРИЯДА ШҰБАТ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУҒА БЕТ БҰРҒАН КӘСІПКЕР

СЫРДАРИЯДА ШҰБАТ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУҒА БЕТ БҰРҒАН КӘСІПКЕР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

#РЕФЕРЕНДУМ

#РЕФЕРЕНДУМ

3 месяца ago
СЫРДАРИЯДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

СЫРДАРИЯДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

1 месяц ago
СЫРДАРИЯДА ИНКЛЮЗИВТІ САЯСАТ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

СЫРДАРИЯДА ИНКЛЮЗИВТІ САЯСАТ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

1 месяц ago
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

1 месяц ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews