Среда, 27 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

СЫРДАРИЯДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ПЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ – БАСТЫ БАҚЫЛАУДА

Қазандықтар мен санитарлық талаптар басты назарда деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
05.05.2026
in Жаңалықтар
0
СЫРДАРИЯДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ПЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ – БАСТЫ БАҚЫЛАУДА
0
SHARES
14
VIEWS
Share on Facebook

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев әлеуметтік маңызы бар нысандардың жай-күйімен танысып, олардың санитарлық тазалығы мен алдағы жылыту маусымына дайындығын назарға алды. Аудандық мәслихат депутаты Ержан Әжікеновпен бірге өткен аралау барысында аудандық аурухана мен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметі жан-жақты қаралды.

Аудан басшысы ең алдымен мекеме аумақтарының санитарлық жағдайына ерекше мән берді. Ғимараттардың тазалығы, іргелес аумақтардың күтімі, қоқыс шығару мен тазалық жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылуы тексерілді. Аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстардың тұрақты әрі сапалы жүргізілуі тұрғындардың денсаулығына тікелей әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар, қоршаған ортаны күтіп-ұстау мәдениетін қалыптастыру – барлық мекемелер үшін ортақ міндет екеніне тоқталды.

Ұқсас посттар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

21.05.2026

Көркейту-көгалдандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Жасыл желектерді көбейту, гүлзарлар отырғызу, аумақты абаттандыру шараларының барысы талқыланды. Әсіресе, медициналық мекемелердің айналасының таза әрі жайлы болуы келушілер үшін қолайлы орта қалыптастырудың маңызды бөлігі екені айтылды.

Б.Сарменбаев сапар барысында жылу қазандықтарының жай-күйін де жіті қарап шықты. Қазандықтардың техникалық жағдайы, жабдықтардың талапқа сай жұмыс істеуі, қауіпсіздік шараларының сақталуы және алдағы қысқы маусымға дайындық деңгейі жан-жақты сараланды. Жауапты мамандарға жылу жүйелерінің үздіксіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер жүктелді.

Кездесу қорытындысында денсаулық сақтау нысандарының тұрғындар үшін қолжетімді, қауіпсіз және барлық санитарлық талаптарға сай болуы басты назарда болуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты мекеме басшыларына санитарлық тазалықты сақтау, аумақтарды күтіп-ұстау және көркейту жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, алдағы жылыту маусымына дайындықты күшейтіп, барлық жүйелердің дайындығын уақытылы қамтамасыз ету қажеттігі ескертілді.

Previous Post

ШИЕЛІДЕ ЖЫЛУ МАУСЫМЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, АЛДАҒЫ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ

Next Post

ШИЕЛІДЕ ЖАҢА КӨПІР БОЙ КӨТЕРУДЕ

Next Post
ШИЕЛІДЕ ЖАҢА КӨПІР БОЙ КӨТЕРУДЕ

ШИЕЛІДЕ ЖАҢА КӨПІР БОЙ КӨТЕРУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚОЛДАУ – ҚОҒАМ МІНДЕТІ

ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚОЛДАУ – ҚОҒАМ МІНДЕТІ

3 недели ago
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

1 месяц ago
ШИЕЛІДЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛІП, ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ШИЕЛІДЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛІП, ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

1 месяц ago
ШИЕЛІЛІК ӘЖЕЛЕР КИЕЛІ МЕКЕНДЕ ӨНЕРІМЕН ТОП ЖАРДЫ

ШИЕЛІЛІК ӘЖЕЛЕР КИЕЛІ МЕКЕНДЕ ӨНЕРІМЕН ТОП ЖАРДЫ

1 месяц ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews