Среда, 27 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

ШИЕЛІДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Шиеліде мейіргерлер қауымына айрықша құрмет көрсетілді деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
13.05.2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ШИЕЛІДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
0
SHARES
13
VIEWS
Share on Facebook

Шиелі ауданында Халықаралық мейіргерлер күніне арналған салтанатты шара өтіп, денсаулық сақтау саласында абыройлы еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді. Адам өмірі мен денсаулығын сақтауда өлшеусіз еңбек етіп жүрген мейіргерлер қауымының кәсіби мерекесіне арналған тағылымды кеш Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылды.

Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов қатысып, медицина саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өз сөзінде ол мейіргер мамандығының қоғамдағы маңызы ерекше екенін атап өтіп, олардың адам өміріне араша болудағы қажырлы еңбегіне жоғары баға берді.

Ұқсас посттар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026

– «Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Халықаралық мейіргерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Медицина – адам өміріне тікелей араша болатын аса жауапты әрі қастерлі сала. Ал осы саланың алдыңғы шебінде еңбек етіп жүрген мейіргерлер қауымы мейірім мен жанашырлықтың, төзім мен жауапкершіліктің жарқын үлгісі.

Ауырған жанның жанарындағы үмітті, ананың алғысын, баланың күлкісін көру – сіздердің ерен еңбектеріңіздің шынайы жемісі. Сіздер күн демей, түн демей ел саулығы жолында аянбай қызмет етіп келесіздер. Жылы сөздеріңіз бен жанашырлыққа толы қамқорлықтарыңыз науқас жандарға үлкен демеу. Сіздердің адам өмірін сақтаудағы қажырлы қызметтеріңізге шынайы алғыс білдіреміз. Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, мерейлеріңіз үстем болсын!» – деді аудан әкімінің орынбасары.

Шара барысында елімізде денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да кеңінен айтылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жүйелі реформалардың нәтижесінде Шиелі ауданында да ауқымды медициналық жобалар қолға алынғаны атап өтілді.

Соңғы жылдары аудан тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру мақсатында бірқатар маңызды нысандар ел игілігіне берілді. Атап айтқанда, Талаптан, Ақтоған, Қарғалы, Ортақшыл, Алмалы, Телікөл, Тартоғай және Бестам ауылдық округтерінде жаңа дәрігерлік амбулаториялар салынып, халыққа қызмет көрсетуде. Бұл ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар, 255 миллион теңге қаржыға күрделі жөндеуден өткен «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясы толық жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай қайта пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, мемлекетке қайтарылған активтер есебінен құны 2 миллиард 323 миллион теңгені құрайтын 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесі салынып, аудан тұрғындарының игілігіне қызмет етуде.

Аудандық аурухана жанынан қосымша ғимарат салынып, оның ішіне құны 650 миллион теңге болатын заманауи магниттік-резонанстық томография аппараты орнатылды. Жалпы құны 733 миллион теңгені құрайтын бұл жоба тұрғындардың сапалы әрі қолжетімді диагностикадан өтуіне зор мүмкіндік жасап отыр.

Медицина саласын материалдық-техникалық жағынан нығайту бағытындағы жұмыстар да жүйелі жалғасуда. Соңғы жылдары ауданға 27 жедел жәрдем көлігі сатып алынып, ел игілігіне табысталды. Сонымен қатар, Гежуба Шиелі Цемент компаниясының демеушілігімен екі жыл қатарынан аудандық ауруханаға жаңа жедел жәрдем көліктері сыйға берілді.

Мерекелік кеш барысында ауданның денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар мейіргерлер аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Бұл олардың ел саулығы жолындағы адал еңбегіне көрсетілген құрметтің айқын көрінісі болды.

Кеш соңында аудан өнерпаздары медицина қызметкерлеріне арнап арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, мерекелік шараның сәнін келтірді. Әсем ән мен көтеріңкі көңіл-күйге толы тағылымды кеш ақ халатты абзал жандарға деген шынайы құрмет пен ыстық ықыластың жарқын үлгісіне айналды.

Previous Post

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ПЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Next Post

АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Next Post
АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

ШИЕЛІДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

ШИЕЛІДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

2 недели ago
СЫРДАРИЯДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ПЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ – БАСТЫ БАҚЫЛАУДА

СЫРДАРИЯДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ПЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ – БАСТЫ БАҚЫЛАУДА

3 недели ago
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА АВТОЖОЛ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА АВТОЖОЛ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

3 месяца ago
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ, ЕРЕКШЕ СӘН-САЛТАНАТПЕН АТАЛЫП ӨТТІ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ, ЕРЕКШЕ СӘН-САЛТАНАТПЕН АТАЛЫП ӨТТІ

2 месяца ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews