Суббота, 6 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

ОҚУ ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Сырдария ауданында оқу жылы аяқталып, балалар қауіпсіздігі басты назарға алынды деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
28.05.2026
in Жаңалықтар
0
ОҚУ ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on Facebook

 

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен маңызды мәжіліс өтіп, онда оқу жылының аяқталуы, мектеп бітіру рәсімдерін жоғары деңгейде ұйымдастыру, балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі мазмұнды өткізу және санитарлық тазалық мәселелері кеңінен қаралды.

Ұқсас посттар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

28.05.2026
АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

28.05.2026

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру ұйымдарының жетекшілері мен жауапты сала мамандары қатысты.

Мәжілісте аудандық білім бөлімінің басшысы оқу жылының қорытындылары туралы баяндама жасап, биыл аудан бойынша 8149 оқушы оқу жылын аяқтап отырғанын жеткізді. Оның ішінде 584 оқушы мектеп бітіруші түлек саналады. Ал 505 түлек ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуда. Сонымен қатар 53 оқушы «Алтын белгіге», 70 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер ретінде тіркелген.

Аудан әкімі білім саласындағы негізгі науқан — мектеп бітіру іс-шаралары мен ұлттық бірыңғай тестілеуді талапқа сай әрі жоғары деңгейде ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Әсіресе, түлектерге арналған салтанатты кештер барысында қауіпсіздік пен тәртіп мәселесіне баса назар аударылды.

— Мектеп бітіру рәсімдері барынша қарапайым, мазмұнды және қауіпсіз форматта өтуі тиіс. Ең бастысы — заңсыз ақша жинау фактілеріне жол берілмеуі қажет. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне сыйлық алу әрекеттері де тоқтатылуы керек, — деді аудан басшысы.

Сондай-ақ аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, мектеп бітірушілердің кортеж ұйымдастыруына, жалға алынған көліктермен бей-берекет серуендеуіне және түнгі уақытта бақылаусыз жүруіне жол бермеу тапсырылды. Жауапты сала мамандарына ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын күшейту міндеттелді.

Мәжілісте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі де кеңінен сөз болды. Аудан басшысы жаз мезгілінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сауықтыру шараларын сапалы ұйымдастыру маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Осыған байланысты «Жалын» тынығу лагері мен мектеп жанындағы лагерьлердің жаңа маусымға толық дайын болуы, санитарлық талаптардың сақталуы, балалардың қауіпсіздігі мен тамақ сапасының тұрақты бақылауда болуы тапсырылды. Сонымен қатар мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шараларды көбейту арқылы балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыру қажеттігі айтылды.

Жиында суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударылды. Жауапты мекемелерге балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, рұқсат етілмеген су айдындарында шомылудың алдын алу және профилактикалық түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу жүктелді.

Бұдан бөлек, мәжілісте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы санитарлық тазалық, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысы талқыланды. Аудан әкімі тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу, қоғамдық орындар мен көшелердің тазалығын сақтау, тұрғындарды экологиялық мәдениетке шақыру бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Жиын қорытындысында жауапты мекемелер мен сала басшыларына нақты міндеттер жүктеліп, барлық бағыттағы жұмыстарды үйлестірілген әрі жүйелі түрде ұйымдастыру қажеттігі қатаң ескертілді.

Previous Post

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

Next Post

АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

Next Post
АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

ШИЕЛІДЕГІ «РУХАНИЯТ» ОРТАЛЫҒЫНДА КІТАП КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ШИЕЛІДЕГІ «РУХАНИЯТ» ОРТАЛЫҒЫНДА КІТАП КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

1 месяц ago
ШИЕЛІДЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ.

ШИЕЛІДЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ.

3 месяца ago
САЗ БЕН СӨЗДІҢ САҢЛАҒЫНА ҚҰРМЕТ

САЗ БЕН СӨЗДІҢ САҢЛАҒЫНА ҚҰРМЕТ

1 месяц ago
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ЖӨНІНДЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ЖӨНІНДЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

3 месяца ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА
  • «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
  • АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

30.05.2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

28.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews