Четверг, 28 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Қылмыс

СЫРДАРИЯДА ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

Пробация есебіндегі тұлғалармен профилактикалық рейд жүргізілді деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
15.05.2026
in Қылмыс
0
СЫРДАРИЯДА ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on Facebook

«Сырдария – қауіпсіз аудан, болашақ ұрпақ мекені» жобасы аясында 2026 жылғы 14 мамыр күні аудан прокуратурасының бастамасымен пробация есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын тексеруге бағытталған рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Ауқымды профилактикалық шараға аудандық пробация қызметі, аудандық полиция бөлімі, Жастар ресурстық орталығы және аудандық жұмыспен қамту бөлімінің өкілдері жұмылдырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – пробациялық бақылаудағы азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауын қадағалау, сот жүктеген міндеттер мен шектеулердің орындалуын тексеру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қоғамға қайта бейімделуіне қолдау көрсету.

Ұқсас посттар

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

20.05.2026

Рейд барысында жауапты сала мамандары пробация есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын аралап, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысты. Әрбір азаматпен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, олардың қазіргі өмір сүру деңгейі, отбасылық ахуалы, тұрақты жұмыспен қамтылуы және қоғамға бейімделу барысы жан-жақты сараланды.

Сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту бөлімінің мамандары азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жастар ресурстық орталығы тарапынан түрлі әлеуметтік қолдау тетіктері мен жастарға арналған бағдарламалар туралы ақпараттар берілді.

Рейдтік шара кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушы мекеме өкілдері пробация талаптарын бұзудың құқықтық салдарын түсіндіріп, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау жөнінде құқықтық кеңестер ұсынды. Сондай-ақ, азаматтарға қоғамнан шет қалмай, салауатты өмір салтын ұстану, тұрақты еңбекпен айналысу және әлеуметтік ортаға белсенді араласу қажеттігі айтылды.

Мамандардың айтуынша, мұндай кешенді профилактикалық шаралар пробация есебіндегі тұлғалардың қайта құқық бұзушылық жасау тәуекелін төмендетуге, олардың өмірге деген көзқарасын оң бағытта өзгертуге және қоғамға толыққанды бейімделуіне ықпал етеді.

Аудан прокуратурасының үйлестіруімен қолға алынған бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағыттала бермек.

Previous Post

ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМІ МАЙЛЫТОҒАЙ ЖӘНЕ СҰЛУТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Next Post

СЫРДАРИЯДА ОҚУШЫЛАР МЕН АТА-АНАЛАРҒА ҚАУІПСІЗ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ТАҚЫРЫБЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Next Post
СЫРДАРИЯДА  ОҚУШЫЛАР МЕН АТА-АНАЛАРҒА ҚАУІПСІЗ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ТАҚЫРЫБЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

СЫРДАРИЯДА ОҚУШЫЛАР МЕН АТА-АНАЛАРҒА ҚАУІПСІЗ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ТАҚЫРЫБЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

ҚАЗАҚЫ КӘСІП – БЕРЕКЕЛІ ТІРЛІК

ҚАЗАҚЫ КӘСІП – БЕРЕКЕЛІ ТІРЛІК

1 месяц ago
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

3 месяца ago
КАНАЛДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ – СУ ТАПШЫЛЫҒЫН ШЕШУДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМЫ

КАНАЛДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ – СУ ТАПШЫЛЫҒЫН ШЕШУДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМЫ

1 месяц ago
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МИХАИЛ МИШУСТИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МИХАИЛ МИШУСТИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

2 месяца ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews