Воскресенье, 26 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

ШИЕЛІДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ

Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері қарқынды дамуда деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
16.04.2026
in Жаңалықтар, Саясат
0
ШИЕЛІДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ
0
SHARES
11
VIEWS
Share on Facebook

Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс ұйымдастырылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті салалық мәселелер талқыға түсті.

Жиын барысында негізгі назар ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің орындалуы мен республикалық бюджеттің игерілу қорытындыларына аударылды. Жауапты сала басшылары атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті.

Ұқсас посттар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

28.05.2026
АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

28.05.2026

Сонымен қатар, күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, көктемгі дала жұмыстарының барысы сөз болып, егіс науқанының ұйымдастырылуы, техника мен тұқым дайындығы, жанар-жағармаймен қамту деңгейі пысықталды. Бұл бағыттағы жұмыстардың жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқаны айтылды.

Суармалы егіншілікке қатысты аяқ су мәселесі де назардан тыс қалмады. Суару маусымына дайындық, каналдарды тазалау және су бөлу тетіктері талқыланып, шаруаларды сумен қамту шаралары сараланды.

Мәжілісте сондай-ақ әскерге шақыру науқанының орындалу барысы қаралды. Өткен жылдың қорытындылары мен биылғы көктемгі шақыру жұмыстарының деңгейі айтылып, жоспарлы көрсеткіштерді орындау міндеті қойылды.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша өңірдегі ахуал, алдын алу жұмыстары және арнайы техникалардың дайындығы туралы мәлімет берілді. Дала өрттерінің алдын алу шараларын күшейту қажеттігі атап өтілді.

Бұдан бөлек, аудан орталығындағы жарнама тақтайшаларының жай-күйі қаралып, оларды ретке келтіру және заң талаптарына сәйкестендіру мәселелері талқыланды.

Жиын қорытындысында аудан әкімі көтерілген барлық мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауға алуды міндеттеді.

Previous Post

ШИЕЛІ ӘКІМДІГІНДЕ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Next Post

ШИЕЛІДЕГІ САУДА НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

Next Post
ШИЕЛІДЕГІ САУДА НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

ШИЕЛІДЕГІ САУДА НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

СЫРДАРИЯДА КӨКТЕМГІ ЕГІС ПЕН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

СЫРДАРИЯДА КӨКТЕМГІ ЕГІС ПЕН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 месяца ago
«ҚЫЗЫЛОРДА – ЖАЛАҒАШ» ЖОЛЫНДАҒЫ КӨПІР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

«ҚЫЗЫЛОРДА – ЖАЛАҒАШ» ЖОЛЫНДАҒЫ КӨПІР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

2 месяца ago
ШИЕЛІДЕ БОЛАШАҚ САРБАЗДАР ШЫҢДАЛУДА

ШИЕЛІДЕ БОЛАШАҚ САРБАЗДАР ШЫҢДАЛУДА

3 месяца ago
СОҒЫС АРДАГЕРІН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУРНИР

СОҒЫС АРДАГЕРІН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУРНИР

3 месяца ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА
  • «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
  • АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

30.05.2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

28.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews