Воскресенье, 26 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Денсаулық

ШИЕЛІДЕ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АИТВ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Шиеліде АИТВ жөнінде түсіндіру семинары өтті деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
23.04.2026
in Денсаулық, Жаңалықтар
0
ШИЕЛІДЕ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АИТВ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on Facebook

Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы-ның Шиелі аудандық филиалы ұйымдастыруымен медицина қызметкерлеріне арналған маңызды семинар өтті. Іс-шара Шиелі ауданаралық көпбейінді ауруханасы базасында өтіп, перзентхана бөлімшесінің акушерлері мен аяжандары қамтылды.

Семинардың негізгі мақсаты – медицина қызметкерлері арасында АИТВ инфекциясына қатысты стигма мен дискриминацияның алдын алу, сондай-ақ жедел тестілеу жүргізудің заманауи стандарттарын түсіндіру және тәжірибеде қолдану дағдыларын жетілдіру.

Ұқсас посттар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

28.05.2026
АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

28.05.2026

Іс-шара барысында орталықтың ИФА зертханасының маманы Ж.Тілеуберген мен дәрігер-инфекционист А.Молдабекова қатысушыларға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу шаралары және науқастармен қарым-қатынас жасаудағы кәсіби этика мәселелері жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Мамандар әсіресе қоғамда әлі де кездесетін жаңсақ пікірлер мен кемсітушілік көзқарастардың медицина сапасына кері әсер ететінін атап өтті.

Сонымен қатар, семинарда жедел тест жүргізудің халықаралық талаптарға сай алгоритмдері түсіндіріліп, практикалық дағдылар пысықталды. Қатысушылар тестілеу барысында қауіпсіздік шараларын сақтау, нәтижелерді дұрыс интерпретациялау және пациенттерге психологиялық қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Мамандардың айтуынша, мұндай оқыту шаралары медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, АИТВ инфекциясына қатысты қоғамдағы стигма мен дискриминацияны азайтуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде халықтың денсаулығын қорғау мен инфекцияның таралуын тежеуде маңызды рөл атқарады.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелік сұрақтарын қойып, күнделікті жұмыс барысында кездесетін күрделі жағдайларды талқылады. Осындай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.

 

Previous Post

ШИЕЛІДЕ БОЛАШАҚ САРБАЗДАР ШЫҢДАЛУДА

Next Post

ШИЕЛІДЕ ЖАСТАРҒА ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ТАҚЫРЫБЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Next Post
ШИЕЛІДЕ ЖАСТАРҒА ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ТАҚЫРЫБЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ШИЕЛІДЕ ЖАСТАРҒА ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ТАҚЫРЫБЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

ШИЕЛІДЕ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ШИЕЛІДЕ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

3 месяца ago
РЕФЕРЕНДУМ 2026

РЕФЕРЕНДУМ 2026

5 месяцев ago
ШИЕЛІ АУМАҒЫНАН ӨТЕТІН СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

ШИЕЛІ АУМАҒЫНАН ӨТЕТІН СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

4 месяца ago
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

2 месяца ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА
  • «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
  • АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

30.05.2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

28.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews