2026 жылдың 17 сәуірінде 5–6 сынып оқушылары арасында өткен “Алтын сақа” олимпиадасының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Зияткерлік сайыс жас буынның білімге деген ынтасын арттырып, олардың логикалық ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін анықтауға бағытталған маңызды білім додасы ретінде ұйымдастырылды.
Аталған олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың ой-өрісін кеңейту, зияткерлік қабілеттерін дамыту және білімге деген қызығушылығын арттыру. Осы орайда сайысқа қатысқан Шиелі ауданының оқушылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, облыс көлемінде үздіктер қатарынан көрінді.
Білім бәсекесінде аудан намысын қорғаған жас дарындар бірқатар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, №142 №142 мектеп-тің 6-сынып оқушысы Мұса Тұрсын І орын иегері атанды. Жетекшісі – Бейсбаева Нұргүл.
ІІ орын 5-сынып оқушысы Жақсылық Маржанға бұйырып, ол өз білім деңгейін жоғары деңгейде дәлелдеді. Жетекшісі – Нурекеева Роза.
ІІІ орын иегерлері қатарында бірнеше оқушы бар. Атап айтқанда, №45 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Сұлтанбеков Нұрислам (жетекшісі – Жиренбаева Фариза), №153 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Нұрділда Нұрислам (жетекшісі – Ашимова Индира), сондай-ақ №48 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Жақсылық Ақбілек (жетекшісі – Жүнісбекова Жанат) жүлделі орыннан көрінді.
Сонымен қатар, байқау қорытындысы бойынша бірнеше оқушы “Алғыс хат” иегері атанды. Олардың қатарында №48 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Өтеп Мұхамеджан (жетекшісі – Жүнісбекова Жанат) және №251 мектептің 6-сынып оқушысы Жәрдемхан Мирас (жетекшісі – Жакипов Ғалым) бар.
Жетекшілердің айтуынша, бұл жетістік – оқушылардың табандылығы мен үздіксіз еңбегінің, сондай-ақ білімге деген құштарлығының нақты нәтижесі. Мұғалімдер де өз шәкірттерінің жетістігіне қуанып, олардың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.
Жалпы алғанда, “Алтын сақа” олимпиадасында Шиелі ауданы оқушыларының жоғары нәтиже көрсетуі – өңірдегі білім беру сапасының артып келе жатқанын және дарынды оқушыларға жан-жақты қолдау көрсетіліп отырғанын айқын дәлелдейді.







