Четверг, 28 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Қылмыс

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Шиеліде оқушыларға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
24.04.2026
in Қылмыс, Жаңалықтар
0
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on Facebook

Шиелі ауданында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында кезекті маңызды іс-шара өтті. “Заң және Тәртіп” қағидаты аясында ұйымдастырылған бұл кездесу №244 Ы. Жақаев атындағы қазақ орта мектебі базасында жоғары сынып оқушыларының қатысуымен өтті.

Аталған жиынға Шиелі ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне қарасты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция майоры Ж. Сейтжан және криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Н. Дербісалин қатысып, оқушылармен ашық форматта кездесу өткізді.

Ұқсас посттар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026

Жиын барысында құқық қорғау органдарының өкілдері жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлеріне тоқталып, олардың салдары туралы кеңінен түсіндірді. Әсіресе, топтық төбелестердің алдын алу, әлімжеттікке жол бермеу, ұсақ бұзақылық, ұрлық және вандализм секілді құқықбұзушылықтардың қоғамға тигізер зияны нақты мысалдар арқылы баяндалды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда кең таралған интернет алаяқтық мәселесі де назардан тыс қалмады. Мамандар оқушыларға әлеуметтік желілерде сақ болу, жеке мәліметтерді қорғау және күмәнді сілтемелерден аулақ болу қажеттігін ескертті. Бұдан бөлек, сталкинг, буллинг және кибербуллинг секілді заманауи қауіптердің мәні түсіндіріліп, олардың психологиялық және құқықтық салдары айтылды.

Кездесу барысында жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, түнгі уақытта себепсіз көшеде жүрмеу, ойынханаларға бармау, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау мәселелері де кеңінен қозғалды. Полиция қызметкерлері заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтіп, құқықбұзушылықтың алдын алу ең алдымен тәртіп пен жауапкершіліктен басталатынын жеткізді.

Іс-шара аясында оқушыларға арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, құқықтық тақырыптағы жадынамалар таратылды. Бұл көрнекі материалдар жастардың ақпаратты тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.

Жиын соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен нақты жауаптар алды. Ашық диалог форматында өткен кездесу жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Мамандар мұндай профилактикалық кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтіп, жас буынды заңға құрметпен қарап, саналы өмір салтын ұстануға шақырды.

Previous Post

ШИЕЛІДЕ МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Next Post

ШИЕЛІ ОҚУШЫЛАРЫ “АЛТЫН САҚА” ОЛИМПИАДАСЫНДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Next Post
ШИЕЛІ ОҚУШЫЛАРЫ “АЛТЫН САҚА” ОЛИМПИАДАСЫНДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

ШИЕЛІ ОҚУШЫЛАРЫ “АЛТЫН САҚА” ОЛИМПИАДАСЫНДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

СЫРДАРИЯДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

СЫРДАРИЯДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

2 недели ago
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ, ЕРЕКШЕ СӘН-САЛТАНАТПЕН АТАЛЫП ӨТТІ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ, ЕРЕКШЕ СӘН-САЛТАНАТПЕН АТАЛЫП ӨТТІ

2 месяца ago
ШИЕЛІДЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛІП, ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ШИЕЛІДЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛІП, ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

1 месяц ago
ШИЕЛІДЕ ИНКЛЮЗИВТІ САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ИНКЛЮЗИВТІ САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

1 месяц ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews