Среда, 27 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

ШИЕЛІДЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛІП, ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Шиелі алқабында тіршілік қайта түлеп, диқандар іске кірісті деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
25.04.2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ШИЕЛІДЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛІП, ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
0
SHARES
22
VIEWS
Share on Facebook

Кеше Шиелі ауданы үшін маңызды күндердің бірі ретінде тарихқа енді. Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтің қатысуымен Жөлек ауылдық округіндегі «Шолпан ана» шаруа қожалығының егіс алқабында алғашқы дән себіліп, «ДАЛА КҮНІ – 2026» атты көктемгі дала жұмыстарының басталуына арналған салтанатты шара өтті.

Ашық аспан астында ұйымдастырылған тағылымды жиынға мәслихат депутаттары, аудан ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен шаруашылық басшылары қатысып, ауыл шаруашылығы саласының маңыздылығы мен даму бағыттары кеңінен талқыланды.

Ұқсас посттар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026

Салтанатты шара барысында сөз алған аудан басшысы көктемгі егіс науқанының басталуы – тек шаруалар үшін ғана емес, бүкіл өңір экономикасы үшін маңызды кезең екенін атап өтті. Оның айтуынша, жерге дән сеуіп, ел ырысын еселеп жүрген диқан қауымының еңбегі қашанда ерекше құрметке лайық. Сонымен қатар, ол киелі өңірдің еңбек дәстүріне тоқталып, 42 Еңбек Ерін түлеткен Шиелі жерінде ауыл шаруашылығының жүйелі түрде дамып келе жатқанын жеткізді.

Аудан әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың нәтижесінде аграрлық салада оң өзгерістер орын алып жатқанын ерекше атап өтті. Заманауи технологиялардың енгізілуі, техникалық базаның жаңаруы және су үнемдеу тәсілдерінің кеңінен қолданылуы – соның айқын дәлелі.

Бүгінде аудан бойынша 1497 шаруа қожалығы тіркелсе, оның 217-сі егін шаруашылығымен айналысады. 2026 жылы 31 213 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Оның ішінде негізгі дақыл – Сыр салысы саналатын күріш 10 600 гектарға орналастырылмақ. Сонымен қатар, бидай, жүгері, тары, майлы дақылдар мен мал азығы дақылдары да кең көлемде егілмек.

Егіс жұмыстарына қажетті материалдық-техникалық база толық дайын. Атап айтқанда, 15 300 тонна минералдық тыңайтқыш пен 13 547 литр гербицид қоры жасақталған. Соңғы төрт жылда ауыл шаруашылығы техникасының 68,5 пайызы жаңартылып, биылғы науқанға 703 техника жұмылдырылып отыр.

Су ресурстарын тиімді пайдалану бағытында да ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, бірқатар шаруашылықтар жүгері дақылын тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістерімен егуде. Сонымен қатар, мыңдаған гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізіліп, лазерлік тегістеу жұмыстары жүргізілген.

Инфрақұрылымды дамыту мақсатында каналдарды тазалау және қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып, «Базар арығы» каналына заманауи темір-бетон науалар орнатылуда. Бұл шаралар егіс алқаптарына суды тиімді әрі тұрақты жеткізуге мүмкіндік береді.

Шара соңында алқапқа алғашқы дән себіліп, көктемгі дала жұмыстары ресми түрде басталды. Бұл – еңбек пен үміттің, береке мен молшылықтың бастауы. Жерге түскен әрбір дәннің алтын астыққа айналып, ел ырысын арттыруы – барша жұрттың ортақ тілегі.

 

Previous Post

СЫРДАРИЯДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Next Post

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Next Post
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА «МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ЖОЛ ЖОҚ» ЖЕДЕЛ ІС-ШАРАСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА «МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ЖОЛ ЖОҚ» ЖЕДЕЛ ІС-ШАРАСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

3 недели ago
ҚЫЗЫЛОРДАДА «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ҚОРЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ҚОРЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ

3 месяца ago
ШИЕЛІДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ

1 месяц ago
РЕФЕРЕНДУМ 2026

РЕФЕРЕНДУМ 2026

3 месяца ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews