Воскресенье, 26 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

САЗ БЕН СӨЗДІҢ САҢЛАҒЫНА ҚҰРМЕТ

Руханиятты жаңғыртқан мерейтойлық кеш өтті деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
30.04.2026
in Жаңалықтар, Саясат
0
САЗ БЕН СӨЗДІҢ САҢЛАҒЫНА ҚҰРМЕТ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on Facebook

Сырдария ауданының Қалжан ахун ауылында қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілі, ақын, сазгер, драматург Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай тағылымы терең, мазмұны бай әдеби-сазды кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Рухани шара ауылдық кітапхана мен мәдениет үйінің бірлескен еңбегінің нәтижесінде жүзеге асып, “Адал адам” мәдени-тәрбие орталығының тұжырымдамасы аясындағы “Әлем BOOK” бұрышында «Ән ғұмырдың иесі» тақырыбымен өтті.

Кештің мазмұндық өзегі – қаламгердің бай шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау болды. Шараның алғашқы бөлімінде ауылдық кітапхананың меңгерушісі Роза Тілеубергенова арнайы жасақталған «Ән тербеткен ақын» атты төрт бөлімнен тұратын мазмұнды кітап көрмесін таныстырып, жиналған көпшілікті ақынның өмір жолы мен шығармашылығымен жан-жақты таныстырды. Көрмеге қойылған туындылар қатарында Бәкір Тәжібаевтың поэзиялық жинақтары, ән мәтіндері, драмалық шығармалары және өміріне қатысты архивтік деректер қамтылып, көрерменнің ерекше қызығушылығын тудырды.

Ұқсас посттар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

28.05.2026
АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

28.05.2026

Әдеби кештің шымылдығы әсерлі сахналық прологпен ашылды. Ақынның жастық шағын бейнелейтін көрініс көрерменді бірден өткен дәуірдің рухани атмосферасына жетелеп, шығармашылық әлеміне терең бойлатты. Сонымен қатар, ақынның өмірі мен өнер жолын қамтитын бейнеролик ұсынылып, кештің мазмұнын байыта түсті.

Мерейтойлық шараға арнайы шақырылған құрметті қонақтар – ауыл әкімшілігінің бас маманы Бауыржан Жетпісбайұлы, Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Рүстем Мыңтайұлы және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жеңіс Үсенұлы сөз алып, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Олар өз сөздерінде Бәкір Тәжібаевтың ұлттық мәдениет пен әдебиетке қосқан үлесін жоғары бағалап, оның шығармаларының жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығына ерекше тоқталды.

Кеш барысында жергілікті ақын, ұстаз Жұмаділ Самат пен жас қаламгер Сүйіндіков Нұрсұлтан мерейтой иесіне арнау өлеңдерін оқып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ, көркемсөз оқу үйірмесінің мүшелері ақын жырларын ерекше тебіреніспен, шынайы сезіммен жеткізіп, поэзия мен сахналық шеберліктің үйлесімді үлгісін көрсетті.

Әдеби-сазды кештің шарықтау шегі – ақын сөзіне жазылған әндердің орындалуы болды. Ауыл өнерпаздары «Ақ бұлақ», «Асыл арман», «Іңкәрім-ай», «Есіңе ал» әндерін нақышына келтіре орындап, көрерменнің жүрегінен орын тапты. Ән мен жыр үндестігі кештің көркемдік деңгейін арттырып, жиналған қауымға ерекше рухани әсер сыйлады.

Бұл тағылымды шара – ұлттық руханиятты дәріптеудің, әдеби мұраны ұлықтаудың және жас ұрпақты өнер мен мәдениетке баулудың жарқын үлгісі болды. Бәкір Тәжібаевтың ғасырлық мерейтойына арналған бұл кеш – оның шығармашылық мұрасын жаңғыртып, келер ұрпақ санасына сіңіруге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.

 

Previous Post

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

Next Post

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Next Post
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

ШИЕЛІ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ЖАППАЙ ЖҰМЫЛДЫ

ШИЕЛІ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ЖАППАЙ ЖҰМЫЛДЫ

3 месяца ago
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРГЕТАСЫ АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРГЕТАСЫ АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

5 месяцев ago
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

3 месяца ago

Қазақстанның басым бөлігінде күн райы суытады

8 месяцев ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА
  • «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
  • АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

30.05.2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

28.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews