Воскресенье, 26 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Саясат

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ ПЕН ТАЗАЛЫҚ ҮЙЛЕСІМІ: ШИЕЛІДЕ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

«Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – бір ұғым» атты жалпыхалықтық акция өтті деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
20.04.2026
in Саясат, Жаңалықтар, Қоғам
0
РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ ПЕН ТАЗАЛЫҚ ҮЙЛЕСІМІ: ШИЕЛІДЕ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ
0
SHARES
27
VIEWS
Share on Facebook

Кеше Шиелі ауданында ел көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының бастамасын қолдаған бұл игі іс аймақ басшылығының тапсырмасен жүйелі түрде жалғасып келеді. Соның бір көрінісі ретінде «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – бір ұғым» атты жалпыхалықтық акция өтті.

Шараға аудан әкімдігі ұйытқы болып, өңірдегі тарихи-мәдени мұра нысандары мен киелі орындарды тазарту жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Аудан аумағындағы бірқатар маңызды ескерткіштер мен кесенелердің айналасы ретке келтіріліп, абаттандыру жұмыстары қолға алынды. Тазалық жұмыстары қасиетті орындардың тарихи келбетін сақтаумен қатар, олардың маңызын насихаттауға да бағытталды.

Ұқсас посттар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

28.05.2026
АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

28.05.2026

Атап айтқанда, ел тарихында ерекше орны бар бірқатар кесенелер мен табиғи-тарихи нысандар қамтылды. Сонымен қатар аудан аумағындағы қорымдар толықтай тазартылып, ретке келтірілді. Бұл жұмыстар халықтың рухани мұраға деген құрметін арттыруға сеп болды.

Жалпы, Шиелі ауданында бүгінгі таңда мемлекет қорғауына алынған 42 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның ішінде республикалық және жергілікті маңызы бар нысандар, сондай-ақ алдын ала есепке алынған тарихи орындар бар. Бұл көрсеткіш ауданның тарихи әлеуетінің жоғары екенін айғақтайды.

Ауқымды шараға екі мыңға жуық тұрғын белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Акция барысында халық қалаулылары, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, ардагерлер мен жастар бір кісідей жұмылып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне атсалысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасып, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағыттала бермек.

Previous Post

СЫРДАРИЯДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Next Post

«ТАҒЗЫМ ОРНЫ ТАЗА БОЛСЫН, РУХ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – БІР ҰҒЫМ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

Next Post
«ТАҒЗЫМ ОРНЫ ТАЗА БОЛСЫН, РУХ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – БІР ҰҒЫМ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

«ТАҒЗЫМ ОРНЫ ТАЗА БОЛСЫН, РУХ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – БІР ҰҒЫМ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

ШИЕЛІДЕ «ЧЕРНОБЫЛЬ ҚАҺАРМАНДАРЫ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ШИЕЛІДЕ «ЧЕРНОБЫЛЬ ҚАҺАРМАНДАРЫ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

3 месяца ago
АУДАН ӘКІМІ БЕРІК СӘРМЕНБАЕВТЫҢ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!

АУДАН ӘКІМІ БЕРІК СӘРМЕНБАЕВТЫҢ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!

5 месяцев ago
ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

2 месяца ago
САЗ БЕН СӨЗДІҢ САҢЛАҒЫНА ҚҰРМЕТ

САЗ БЕН СӨЗДІҢ САҢЛАҒЫНА ҚҰРМЕТ

3 месяца ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА
  • «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
  • АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

30.05.2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

28.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews