Четверг, 28 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

Мәслихат сессиясында өзекті мәселелер талқыланды деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
30.04.2026
in Жаңалықтар, Қоғам, Саясат
0
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.
0
SHARES
2
VIEWS
Share on Facebook

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев қатысуымен аудандық мәслихаттың кезекті 49-сессиясы өтті. Маңызды жиынға аудандық мәслихат депутаттары, әкімнің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ дербес бөлім басшылары қатысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады.

Сессия жұмысы ауқымды әрі мазмұнды күн тәртібімен ерекшеленді. Алдымен 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп қаралды. Бұл мәселе бойынша «Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Ахетов баяндама жасап, бюджеттің кіріс көздерінің орындалуы, шығыстардың игерілу деңгейі және негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Баяндамашы бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына басымдық берілгенін атап өтті.

Ұқсас посттар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026

Келесі кезекте аудан аумағында ауыл шаруашылығы жануарлары арасында жұқпалы аурулардың алдын алу мәселесі көтерілді. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар туралы Н. Дәулетбаев баяндап, профилактикалық шаралардың орындалуы, вакцинациялау науқаны және бақылау тетіктері туралы кеңінен мәлімет берді. Бұл бағыттағы жұмыстардың тұрақты бақылауда екені айтылды.

Сессияда әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру мәселесі де назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 4 қыркүйектегі №54 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бұл жөнінде «Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ сектор меңгерушісі А. Мұқан баяндама жасап, ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндірді.

Сонымен қатар, мәслихаттың 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары талқыланды. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Г. Божан жоспардың негізгі бағыттары мен басымдықтарын таныстырып, алдағы кезеңдегі атқарылатын жұмыстардың жүйесін айқындады.

Жиында қаралған тағы бір маңызды мәселе – аудан әкімдігі жанынан кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру болды. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Д. Байдушев хабарлама жасап, комиссияның негізгі міндеттері мен жұмыс бағыттарын баяндады.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі таныстырылды. Бұл есепті облыстық тексеру комиссиясының мүшесі С. Қармыс баяндап, қаржылық тәртіп пен бюджет қаражатының игерілуіне жүргізілген бақылау нәтижелерін ортаға салды.

Сессия барысында депутаттар көтерілген мәселелер бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, нақты сұрақтар қойды. Талқылау қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданып, алдағы кезеңге нақты міндеттер айқындалды.

Previous Post

«ЖАЛЫН» ЛАГЕРІ ЖАҢА МАУСЫМДЫ ЖАҢАРҒАН КЕЙІПТЕ ҚАРСЫ АЛАДЫ

Next Post

САЗ БЕН СӨЗДІҢ САҢЛАҒЫНА ҚҰРМЕТ

Next Post
САЗ БЕН СӨЗДІҢ САҢЛАҒЫНА ҚҰРМЕТ

САЗ БЕН СӨЗДІҢ САҢЛАҒЫНА ҚҰРМЕТ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

2 месяца ago
СЫРДАРИЯДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

СЫРДАРИЯДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

1 месяц ago
ШИЕЛІДЕ ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІК ҰЛЫҚТАЛДЫ

ШИЕЛІДЕ ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІК ҰЛЫҚТАЛДЫ

3 недели ago
СЫРДАРИЯДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

СЫРДАРИЯДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

1 месяц ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews