Воскресенье, 26 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

СЫРДАРИЯДА ИНКЛЮЗИВТІ САЯСАТ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Аудан әкімдігінде маңызды мәселе бойынша жиын өтті деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
22.04.2026
in Жаңалықтар
0
СЫРДАРИЯДА ИНКЛЮЗИВТІ САЯСАТ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on Facebook

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен өткен кезекті мәжілісте қоғамның өзекті бағыттарының бірі — инклюзивті саясатты іске асыру мәселелері жан-жақты қаралды. Жиынға тиісті бөлімдер мен мекемелердің басшылары, сондай-ақ сала мамандары қатысып, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерді саралады.

Мәжілісті ашқан аудан басшысы бұл бағыттың тек әлеуметтік салаға ғана емес, жалпы қоғамның дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, инклюзивті саясат – қоғамдағы әрбір азаматқа тең мүмкіндік беруді көздейтін кешенді ұстаным. Әсіресе, мүгедектігі бар жандардың өмір сапасын арттыру, олардың қоғамдық ортаға бейімделуіне жағдай жасау — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Ұқсас посттар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

28.05.2026
АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

28.05.2026

— Инклюзивті саясатты жүзеге асыру — бұл тек жекелеген шаралармен шектелмейді. Бұл — қоғамның барлық саласын қамтитын жүйелі жұмыс. Әрбір мүгедектігі бар азамат өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі тиіс. Сол үшін қажетті барлық жағдайды жасау — біздің ортақ міндетіміз, — деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Жиында келтірілген мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда ауданда мүгедектігі бар 1454 азамат тіркелген. Оның ішінде 60-ы — 18 жасқа дейінгі балалар. Бұл көрсеткіштер аталған бағыттағы жұмыстың ауқымды әрі жауапты екенін көрсетеді.

Аудан көлемінде ерекше қажеттілігі бар азаматтарды әлеуметтік оңалту, оларды инклюзивті біліммен қамту, тұрғын үй жағдайларын жақсарту, мәдени және спорттық іс-шараларға тарту бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, кедергісіз орта қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінген.

Биыл аудан бойынша 7 нысанды бейімдеу жоспарланған. Бүгінгі таңда олардың 5-еуі толық дайын болып, қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілген. Қалған екі нысан бойынша жұмыстар жалғасып жатыр және оларды екінші тоқсанда аяқтау көзделген.

Әлеуметтік қолдау шаралары да назардан тыс қалмаған. Атап айтқанда, мүгедектігі бар 95 баланы үйде оқыту шығындарын өтеу үшін 9 млн 407 мың теңге қаржы бөлінген. Жылдың алғашқы тоқсанында 71 баланың ата-анасына тиісті төлемдер тағайындалған.

Сонымен қатар, жеке оңалту бағдарламалары аясында түскен 820 өтініштің 629-ы орындалып, нақты көмек көрсетілген. Бұл — атқарылған жұмыстың нақты нәтижесін айқындайтын көрсеткіш.

Жиын барысында жауапты сала басшылары өз бағыттары бойынша есеп беріп, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын ұсынды. Аудан әкімі өз кезегінде бұл жұмыстардың барлығы тұрақты бақылауда болатынын ескертіп, формалды тәсілге жол берілмеуі керектігін қатаң тапсырды.

Мәжіліс қорытындысында инклюзивті ортаны дамытуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді. Олардың қатарында инфрақұрылымды бейімдеу жұмыстарын жеделдету, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ету мәселелері бар.

Previous Post

ШИЕЛІДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ПЕН ЗАМАНАУИ БІЛІМ ҰШТАСҚАН СЕМИНАР ӨТТІ

Next Post

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ РУХАНИЯТ

Next Post
АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ РУХАНИЯТ

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ РУХАНИЯТ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

 МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БАӘ ПРЕЗИДЕНТ ШЕЙХ МҰХАММЕД БЕН ЗАИД ӘЛ НАХАЯНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

 МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БАӘ ПРЕЗИДЕНТ ШЕЙХ МҰХАММЕД БЕН ЗАИД ӘЛ НАХАЯНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

5 месяцев ago
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫРАУ А.АЛМАТОВТЫҢ 70 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫРАУ А.АЛМАТОВТЫҢ 70 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

5 месяцев ago
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚОҒАМ – ТАЗА АЙМАҚ» ЖЕДЕЛ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛАДЫ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚОҒАМ – ТАЗА АЙМАҚ» ЖЕДЕЛ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛАДЫ

3 месяца ago
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

2 месяца ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА
  • «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
  • АУДАН ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

30.05.2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

28.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews