Среда, 27 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

СЫРДЫҢ ШЕБЕР АНАСЫ «ҮЗДІК СЫРМАҚШЫ» АТАНДЫ

Халықаралық фестивальде Сырдарияның мерейі үстем болды деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
20.05.2026
in Жаңалықтар
0
СЫРДЫҢ ШЕБЕР АНАСЫ «ҮЗДІК СЫРМАҚШЫ» АТАНДЫ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on Facebook

2026 жылдың 14–17 мамыр аралығында Өскемен қаласында Халықаралық музей күніне орай ұйымдастырылған «Атамұра» халықаралық тоқыма қолөнері фестивалі аясында өткен «Аламан құрақ» республикалық жобасы ұлттық өнерді ұлықтаған тағылымды шараға айналды. Түркі халықтарына ортақ мәдени мұраны насихаттауды мақсат еткен ауқымды фестивальге Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Әзірбайжан және өзге де мемлекеттерден келген қолөнер шеберлері қатысты.

«Ғасырлық дәстүр» тақырыбын арқау еткен халықаралық фестиваль барысында ұлттық қолөнердің сан қырлы бағыттары таныстырылып, ата-бабадан жеткен асыл мұраның қадір-қасиеті кеңінен дәріптелді. Сегіз мемлекеттен жиналған ісмерлер өздерінің төл өнерін көпшілікке ұсынып, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүр сабақтастығының маңызын айшықтады. Көрмелер мен шеберлік сағаттарында ұлттық нақыштағы бұйымдар таныстырылып, көрермендер қазақтың бай қолөнер мәдениетімен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.

Ұқсас посттар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

21.05.2026

Осындай халықаралық деңгейдегі рухани-мәдени шарада Сырдария ауданының мерейі үстем болды. Атап айтқанда, ауданымызға қарасты Айдарлы ауылының қолөнер шебері Марияш Бахадүрова «Үздік сырмақшы» номинациясының иегері атанып, ұлттық өнердің мәртебесін асқақтатты.

Бұл жетістік – ұзақ жылғы еңбектің, табандылықтың және ұлттық өнерге деген шынайы сүйіспеншіліктің нәтижесі. Марияш апайдың қолынан шыққан әрбір сырмақ – халқымыздың рухани болмысын, ұлттық дүниетанымын айшықтайтын ерекше туынды. Шебердің ою-өрнекке бай сырмақтары қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің терең тарихынан сыр шертеді.

Сырмақ сыру өнері – халқымыздың көнеден келе жатқан қасиетті мұраларының бірі. Ұлттық қолөнердің бұл түрінде қазақтың салт-дәстүрі, таным-түсінігі мен эстетикалық талғамы көрініс табады. Әрбір оюдың өзіндік мағынасы бар. Шеберлер киіз бен түрлі түсті оюларды үйлестіре отырып, тек тұрмыстық бұйым жасап қана қоймай, ұлттың рухани құндылықтарын ұрпақ санасына сіңіріп келеді.

Марияш Бахадүрова көп жылдан бері ұлттық қолөнерді дамытуға үлес қосып, жастарға тәлім беріп келе жатқан тәжірибелі ісмерлердің бірі. Ол атадан балаға мирас болған өнерді дәріптеп, қазақы нақыштағы бұйымдарды жаңғырту бағытында аянбай еңбек етіп келеді. Халықаралық фестивальде иеленген марапаты – оның шығармашылық ізденісі мен кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі.

Фестиваль аясында қатысушылар арасында тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылып, ұлттық өнердің бүгінгі даму бағыты мен болашағы талқыланды. Қолөнер шеберлері түркі халықтарына ортақ мәдени құндылықтардың маңызын атап өтіп, мұндай тағылымды жобалардың ұлттық мұраны сақтаудағы рөлі ерекше екенін жеткізді.

Халықаралық өнер алаңында ел намысын абыроймен қорғап, Сыр өңірінің мерейін асырған Марияш Бахадүрова апайымыздың жетістігі – барша аудан тұрғындары үшін зор мақтаныш.

Previous Post

СЫРДАРИЯДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ

Next Post

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Next Post
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

АУДАН ӘКІМІ БЕРІК СӘРМЕНБАЕВТЫҢ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!

АУДАН ӘКІМІ БЕРІК СӘРМЕНБАЕВТЫҢ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!

3 месяца ago
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1 месяц ago
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

1 месяц ago
АҚОРДАДА ӘЙГІЛІ АЛЬПИНИСТ ЕРВАНД ИЛЬИНСКИЙГЕ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ ЕРЕКШЕЛІК БЕЛГІСІ – «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» АТАҒЫН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

АҚОРДАДА ӘЙГІЛІ АЛЬПИНИСТ ЕРВАНД ИЛЬИНСКИЙГЕ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ ЕРЕКШЕЛІК БЕЛГІСІ – «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» АТАҒЫН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

2 месяца ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews