Четверг, 28 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ РУХАНИЯТ

Шиеліде Ұлттық кітап күні ерекше аталып өтті деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
23.04.2026
in Жаңалықтар
0
АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ РУХАНИЯТ
0
SHARES
72
VIEWS
Share on Facebook

23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар мерекесіне орай аудандық “Руханият” орталығының алаңында «РУХАНИ ӘЛЕМ» атты кең ауқымды мәдени шара ұйымдастырылды. Ашық аспан астында өткен мазмұнды іс-шара кітап пен руханиятты ұлықтауға бағытталып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов құттықтау сөз сөйлеп, кітаптың адамзат өркениетіндегі маңызына кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде кітап – рухани байлықтың алтын қазығы, ұлттың ой-санасын қалыптастыратын басты құндылық екенін атап өтті. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлерінің қоғамдағы ағартушылық рөлі ерекше екенін жеткізіп, олардың тынымсыз еңбегіне жоғары баға берді.

Ұқсас посттар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

21.05.2026

Мерекелік жиын аясында кітапхана саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер мен белсенді оқырмандар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл – олардың мәдени-ағартушылық бағыттағы еңбегіне көрсетілген зор құрметтің айғағы болды.

Іс-шара барысында түрлі тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, келушілерге кітап оқу мәдениетін дәріптейтін мазмұнды бағдарламалар ұсынылды. Әдеби шығармалар, тарихи жәдігерлер мен заманауи басылымдар қойылған көрмелер көпшіліктің қызығушылығын арттырды. Ашық форматта өткен мәдени кездесу оқырмандар мен кітапсүйер қауымның басын қосып, рухани үндестік пен ой алмасу алаңына айналды.

Сондай-ақ, шараға арнайы қатысқан Amanat партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова сөз сөйлеп, кітап пен руханиятты дәріптеуге бағытталған бастамалардың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол өз кезегінде партия атынан бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табыстап, олардың қоғамдық белсенділігін жоғары бағалады.

Жалпы, «РУХАНИ ӘЛЕМ» атты мәдени шара көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, кітаптың қоғамдағы орны мен маңызын тағы бір мәрте айқындап берді. Рухани құндылықтарды дәріптеген бұл бастама аудан тұрғындарының мәдени өміріне серпін беріп, кітапқа деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.

Previous Post

СЫРДАРИЯДА ИНКЛЮЗИВТІ САЯСАТ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Next Post

ӘДЕБИЕТ ПЕН СЕЗІМ ТОҒЫСҚАН КЕШ. ШИЕЛІДЕ ҚАТИРА ЖӘЛЕНОВАНЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Next Post
ӘДЕБИЕТ ПЕН СЕЗІМ ТОҒЫСҚАН КЕШ. ШИЕЛІДЕ ҚАТИРА ЖӘЛЕНОВАНЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

ӘДЕБИЕТ ПЕН СЕЗІМ ТОҒЫСҚАН КЕШ. ШИЕЛІДЕ ҚАТИРА ЖӘЛЕНОВАНЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

ШИЕЛІДЕ «ЧЕРНОБЫЛЬ ҚАҺАРМАНДАРЫ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ШИЕЛІДЕ «ЧЕРНОБЫЛЬ ҚАҺАРМАНДАРЫ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

4 недели ago
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ЖӨНІНДЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ЖӨНІНДЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

3 месяца ago
АРДАГЕРЛЕР ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ  

АРДАГЕРЛЕР ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ  

3 месяца ago
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1 месяц ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews