Четверг, 28 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Бизнес

СЫРДАРИЯДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Тереңөзекте кәсіпкерлерге арналған түсіндіру жұмыстары өтті деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
24.04.2026
in Бизнес, Жаңалықтар
0
СЫРДАРИЯДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on Facebook

Сырдария ауданында кәсіпкерлікті қолдау және үкіметтік емес секторды дамыту бағытындағы түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Осы ретте 2026 жылдың      24 сәуірі күні Тереңөзек кентіндегі «Руханият орталығы» ғимаратында аудан кәсіпкерлеріне арналған арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Аталған шараны Сырдария аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі өткізіп, оған «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамының өкілдері мен «Асыл мұра-орда» қоғамдық қорының мамандары қатысты. Кездесу барысында қатысушыларға кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер мен мемлекеттік қолдау тетіктері жан-жақты түсіндірілді.

Ұқсас посттар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

21.05.2026

Іс-шара аясында «Қазақстан Халық банкі» АҚ өкілдері «Іскер аймақ» бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, оның кәсіпкерлер үшін беретін артықшылықтарын кеңінен таныстырды. Бағдарлама арқылы жеңілдетілген несиелер алу, қаржылық қолдау тетіктерін пайдалану және бизнес жобаларды дамыту жолдары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Сонымен қатар, «Асыл мұра-орда» қоғамдық қорының өкілдері үкіметтік емес ұйымдардың қызметін тиімді басқару, қаржыландыру көздерін әртараптандыру және олардың жұмыс нәтижелілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Мамандар әлеуметтік жобаларды іске асыруда мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану жолдарын түсіндіріп, гранттық қаржыландыру мүмкіндіктері туралы да ақпарат берді.

Кездесу барысында мемлекеттік порталдармен жұмыс істеу, цифрлық сервистерді тиімді пайдалану, есептілік пен құжат айналымын оңтайландыру мәселелері де кеңінен қозғалды. Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, олардың жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің білімін арттырып қана қоймай, мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді пайдалануға жол ашатыны сөзсіз.

Жалпы, аудан көлемінде ұйымдастырылып жатқан осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кәсіпкерлік ортаны дамытуға және азаматтық қоғам институттарының белсенділігін арттыруға серпін беруде.

Previous Post

КАНАЛДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ – СУ ТАПШЫЛЫҒЫН ШЕШУДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМЫ

Next Post

СЫРДАРИЯДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРА ӨТТІ

Next Post
СЫРДАРИЯДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРА ӨТТІ

СЫРДАРИЯДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРА ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

АҚОРДАДА ӘЙГІЛІ АЛЬПИНИСТ ЕРВАНД ИЛЬИНСКИЙГЕ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ ЕРЕКШЕЛІК БЕЛГІСІ – «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» АТАҒЫН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

АҚОРДАДА ӘЙГІЛІ АЛЬПИНИСТ ЕРВАНД ИЛЬИНСКИЙГЕ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ ЕРЕКШЕЛІК БЕЛГІСІ – «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» АТАҒЫН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

2 месяца ago
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ПЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ПЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2 недели ago
ҚЫЗЫЛОРДАДА ІРІ МӘДЕНИ ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ІРІ МӘДЕНИ ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ

1 месяц ago
СЫРДАРИЯДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

СЫРДАРИЯДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

3 недели ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews