Среда, 27 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
AlashOrdaNews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Экономика
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Login
No Result
View All Result
AlashOrdaNews
Home Жаңалықтар

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Қалжан ахун ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы сәтті іске асуда деп хабарлайды alashordanews.kz ақпараттық агенттігі.

AlashOrdaNews by AlashOrdaNews
20.04.2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА
0
SHARES
22
VIEWS
Share on Facebook

Ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жүйелі жұмыстар Қалжан ахун ауылында қарқын алып келеді. Елді мекендегі электр желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауқымды жоба іске асырылуда.

Жобаны жүзеге асырушы мердігер – «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамы. Бүгінде аталған мекеме тарапынан электрмен жабдықтау жүйесін жаңарту бойынша бірқатар маңызды жұмыстар орындалған. Атап айтқанда, қуаты 10 кВ болатын бір дана КРН-IV-10 ұяшығы және 4 дана 10/0,4 кВ КТПБ қосалқы станциялары орнатылды. Бұл нысандар электр энергиясын тұрақты әрі сапалы жеткізуді қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады.

Ұқсас посттар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026

Сонымен қатар жоба аясында ауылдағы 242 тұтынушының электр есептегіш құралдары толықтай жаңартылып, вводтық кабельдері ауыстырылуда. Бұл шаралар электр энергиясын есепке алу дәлдігін арттырып қана қоймай, желідегі техникалық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Көшелерді жарықтандыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Жалпы ұзындығы 4,7 шақырымды құрайтын көше жарығы жүйесі жаңғыртылып, ауыл тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етуде.

Электр желілерінің негізгі бөлігі саналатын 10 кВ әуе желісі бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылған. Нақтырақ айтқанда, 189 дана жаңа бағана орнатылып, ескі әрі тозған тіректер кезең-кезеңімен ауыстырылуда. Бұл өз кезегінде желінің тұрақтылығын арттырып, апаттық жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді.

Мамандардың айтуынша, жүзеге асырылып жатқан жаңғырту жұмыстары ауылдағы электрмен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін едәуір жақсартады. Жаңартылған инфрақұрылым ұзақ мерзім бойы үздіксіз қызмет көрсетіп, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға негіз болады.

Жалпы, Қалжан ахун ауылында қолға алынған бұл жоба – ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың нақты нәтижесінің бір көрінісі. Алдағы уақытта да осындай кешенді жұмыстар жалғасын тауып, өңір тұрғындарына қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға серпін бермек.

 

Previous Post

СЫРДАРИЯДА МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖОҒАРЫ

Next Post

СЫРДАРИЯДА СУ АЙДЫНДАРЫ БӨГЕТТЕРІН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Next Post
СЫРДАРИЯДА СУ АЙДЫНДАРЫ БӨГЕТТЕРІН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

СЫРДАРИЯДА СУ АЙДЫНДАРЫ БӨГЕТТЕРІН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

ШИЕЛІДЕ «ORDA» БРЕНДІМЕН ҚАҒАЗ ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ШИЕЛІДЕ «ORDA» БРЕНДІМЕН ҚАҒАЗ ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

3 недели ago
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «СЫЙЫНАР ЕМ, АНА ДЕГЕН ТӘҢІРГЕ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БАСҚОСУҒА ҚАТЫСТЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «СЫЙЫНАР ЕМ, АНА ДЕГЕН ТӘҢІРГЕ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БАСҚОСУҒА ҚАТЫСТЫ

3 месяца ago
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

4 недели ago
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА 1000 ТҮП ТАЛ ЕГІЛДІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА 1000 ТҮП ТАЛ ЕГІЛДІ

1 месяц ago

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

САНАТТАР

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК №

Бізге жазылыңыздар:

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
  • ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ШИЕЛІДЕ «БАЗАР» АРЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Санаттар

  • Әлем
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

Соңғы жаңалықтар

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ

22.05.2026
ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШИЕЛІДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ КЕҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.05.2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 AlashOrdaNews

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Әлем
  • Қылмыс
  • Экономика

© 2025 AlashOrdaNews